Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген әскери атташелермен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің әскери атташелерімен кездесу болды. Іс-шара 2014 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді. Кездесуде шетелдік әскери өкілдер Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ағымдағы қызметімен танысты. ҚР Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады. - Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасындағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компаниялармен ынтамақтық жасай…

0
0
434

Әскери қызметшілер интернационалист жауынгерлерді еске алу іс-шараларына қатысады

Ертең Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толады. Осыған орай Қазақстанның барлық қалаларында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған митингілер өтеді. Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Семей, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш қалаларының әкімдіктері мен ардагерлер ұйымдары өткізетін салтанатты іс-шараларға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де қатысады. Ескерткіштерге гүл дестелерін қою кезінде жауынгерлік құрмет көрсету үшін Қарулы Күштерден құрметті қарауыл мен әскери оркестрлер бөлініп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында Ауған соғысына қатысқан бірнеше офицерлер мен генералдар абыроймен қызмет етіп жүр. Жас ұрпаққа қазақстандық жауынгерлердің ерлігін насихаттау үшін және Кеңес әскерлерінің Ауға…

0
0
2282

ҚР Қорғаныс министрлігінің заңгерлері әскери билеттер алу мен келісімшарт бойынша әскерге шақырылу жөніндегі әдістемелік ұсыным әзірледі

ҚР Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті Ақмола өңірлік гарнизоны заң бөлімшелерінің апта сайынғы семинар-мәжілістерін ұйымдастыруда. Онда қорғаныс, әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, әскери есепке алу салаларындағы ең өзекті болып табылатын мәселелер талқыланады. Көтерілген мәселелерді тақылаудың нәтижесі бойынша әдістемелік кеңестер әзірленеді. Осылайша, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери есепке алу құжаттарын беру бойынша (беру тәртібі, мерзімі және әскери билеттер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі) әдістемелік кеңестер әзірледі. Нақтырақ: http://mod.gov.kz/index.php?section=vydachaDokumentovVoinUchet Армияны кәсібилендіруге байланысты қорғаныс істері ж…

0
0
380

ҚР Қарулы Күштерінде қол күресі мен кір қоссайысынан үздіктер анықталды

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында екі жүзден астам әскери қызметшінің қатысуымен қол күрестіру мен кір қоссайысынан жарыс өткізілді. Жарыс армиялық спортшылардың ортасында салауатты өмір салтын насихттау мен спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте кір спортынан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленсе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилеріне бұйырды. Қол күрестіруден алтын үшін болған сайыста «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленді. ҚР ҚМ Б…

0
0
267

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы Аэроұтқыр әскерлерін инспекциялауда

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының жоспарына сәйкес 2014 жылғы 3 ақпаннан бастап Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы гарнизонында шоғырланған бірнеше әскери бөлімдеріне инспекциялау жүргізілуде.

Тексерістің мақсаты бөлімдердің қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігін анықтау. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеру. 2014 жылғы 12 ақпанда түске дейін 61993 әскери бөлімінің (Қазақстан бітімгершілік бригадасы) автомобильді және бронды техникасы белгіленген ауданға (70 разъезд, әскери бөлімге таяу жерде) шығарылып тексерілді. 2014 жылғы 12 ақпан сағат 14.30-да барлық техника сақтау орнына оралды.

Тексеру жұмыстары бөлімнің тұрақты орналасқан аумағымен бірге далалық жағдайларда да (оқу орталықтарында) жүргізілуде.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
470

«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылады. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық құжатының негізгі ережелерін түсіндіру үшін Қарағанды гарнизонына ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы келді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен кездесті. Сондай-ақ, аталған шараға гарнизонның әскери полиция бөлімінің бастығы, облыстық әскери-техникалық мектептің басшылары және Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы қатыст…

0
0
369

«Бейбіт миссия – 2014»: келіссөздер басталды

Бейжіңде «Бейбіт миссия – 2014» террорға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздері өткізілуде. Келіссөздерде ҚР Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев бастаған қазақстандық әскери делегация оқу-жаттығудың жоспарын, мақсаты мен тапсырмаларын, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін талқылауда. Генерал-майор Мұқан Дүйсекеев өз сөзінде: – Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанның көп векторлы саясатының маңызды элементі болып табылады және ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлкен үлес қосады. Қазақстан ШЫҰ-ның өзара сенімді нығайту, достық пен тату көршілік, көпсалалы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ бой көрсеткен террорлық, сепаратистік және экстремистік әрекеттерге бірлесіп қарсы тұра…

0
0
349

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға дайын

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Ұлттық Мәңгілік ел идеясы – тәуелсіз Қазақстан дамуының шамшырағы» деген атпен дөңгелек үстелі өткізілді. Биыл Каспий кемелер жасағы тағы бір отандық заманауи жауынгерлік кемемен толығатынын мәлімдеген Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Қайрат Мыңжанов: – Елбасының ұзақ мерзімді «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін бәріміз жұмыла атсалысуымыз керек. Бұл идея – Қазақстан дамуының шамшырағы. Әскери қызметшілерге Елбасы Жолдауын нақты түсіндіріп, олардың өзіндік пікірлерін тыңдадым. Жолдаудан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді бірге жүзеге ас…

0
0
460

ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндірген жиын болып өтті. Жеке құрам «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі тармақтарын талқылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы стратегиялық құжат ережелеріне егжей-тегжейлі түсіндірме беріп, әскери қызметшілерді қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Полковник Мұхтар Қарабеков: – Биылғы Жолдаудың айырмашылығы еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру жоспарының тұсаукесерімен ерекшеленеді. Бұл жоспар мемлекетіміздің алда тұрған жұмыстарының ұзақ мерзімді басымдықтарынан тұрады. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы бізге ынта-жігермен жұмыс істейтін нақ…

0
0
512

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан-Америка консультациялары өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев пен АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Дюмонттың екі ел қорғаныс ведомстволарының арасындағы Казақстан-Америка консултациялары шеңберіндегі кездесуі болды. Тараптар былтырғы ынтымақтастықтың қортытындысы талқыланатын және алдағы кезеңге ынтымақтастық бағдарлары айқындалатын осы форматтағы жыл сайынғы кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Казақстан-Американдық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда. 2013 жылғы қараша айындағы ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің АҚШ-қа ресми сапары қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына жаңа қарқын берді. - Қазақста…

0
0
370