Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Әзербайжан Қорғаныс министрінің жеке құрам бойынша орынбасары - жеке құрам басқармасының басшысы Шыңғыс Мәмедовпен кездесті.

Сапар мақсаты - әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық орнату.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру саласын дамыту бойынша ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттер қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.

ҚАЗАҚПАРАТ

0
0
263

Осы тақырып бойынша

Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды - Yvision.kz