Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Турнир аяқталды, жеңімпаздар анықталды

Алматы қаласында Армия Орталық спорт клубы мен Әскери-спорт клубтары Федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында АОСК-ның Оқу-жаттықтыру орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Кубогі үшін бокстан І-ші ашық турнир өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің беделін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, армия құрамасын жасақтау үшін спортшыларды іріктеу, боксты насихаттау болып табылады. Жарысқа Қазақстан Республикасының 14 облысынан, Қырғыз Республикасынан, Астана және Алматы қалаларынан, АОСК және Динамо командаларынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінен, ІІМ Ішкі әскерлерінен өкілдер қатысты. Барлығы 17 командадан ең мықты деген 128 боксшы қолғап түйістірді. Шаршы алаңда он салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен…

0
0
328

Әскери ұшқыштар сыныптық біліктіліктерін дәлелдеді

Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясының әскери ұшқыштары ұшу құрамының жиыны барысында өз сыныптық біліктіліктерін дәлелдеді. Олар екі ай бойы 53975 әскери бөлімінің базасында біліктілік дәрежелерін дәлелдеу бүшін сынақтар мен емтихандар тапсырды. Оқу-жаттығу ұшулары күндіз түні және күрделі метереологиялық жағдайда жүзеге асырылды. Жиынға барлық авиациялық базаларынан, сондай-ақ Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтынан өкілдер қатысты. Ми-17, Ми-8, Ми-24, Ми-26, Хьюи-2 сияқты тікұшақтармен ұшқан ұшу құрамы аспанда әртүрлі жаттығулар орындап тәжірибелерінің шыңдалғанын танытты. Өз шеберліктері мен ұшу тәжірибелерін көпшілікке қөрсету арқылы сыныптық біліктіліктерін дәлелдеу үшін ұшқыштардың барлығы дерлік аспандағы және жердегі сынақтардан с…

0
0
429

Қазақстан Қорғаныс министрі Ұлыбритания Елшісімен кездесті

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунды қабылдады. Қорғаныс ведомствосының басшысы британдық елшіні Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияға тағайындалуымен құттықтап, халықаралық және екі жақты әскери ынтымақтастық саладағы қызметіне табыс тіледі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың болашағы, НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы және Қазақстан бітімгерлік күштерінің БҰҰ миссиясына қатысу мәселелерін талқылады. – Қазақстан әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде өзінің бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлік бөлімшесін дайын…

0
0
266

Қарулы Күштердің әсем аруы


ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің сержанты Сәнді Смағұлова «Miss Military Kazakhstan» байқауының бірінші вице-аруы атағын иеленді.

Аталмыш байқау 8 Наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Әсемдік байқауына Қазақстанның әскери ведомстволары мен әлеуетті құрылымдарынан 14 өкіл қатысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
393

Жиынның бір күні жылға азық

Гвардейскі гарнизонындағы оқу орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері командирлерінің жиыны аяқталды. Жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру және кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында өткізілді. Он күн бойы бөлім командирлері мен Құрлық әскерлері бригадаларының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану қызметі бастықтары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына тартылды. Осы және басқа да сабақтар қазіргі замандағы радиациялық, химиялық және биологиялық ұрыста қорғануды жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі сұрақтарын қамтыды. Жиын барысында офицерлерге қазіргі заманғы қару-жарақтар мен қазақстан армиясында бар радиациялық, химиялық және биологиялық құралдарды…

0
0
205

Денсаулық күзетінде

Қорғаныс министрлігінде Министрдің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы тиімді пайдалану тақырыбына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті. Оған Бас әскери прокуратураның өкілдері, Қарулы Күштер бас қолбасшыларының тыл және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, әскери-медициналық бөлімшелердің бастықтары қатысты. Жақында ғана Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің 2012 жылғы медициналық қызметі мен Қарулы Күштердегі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша прокурорлық тексерістер жүргізілген болатын. Тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратура қызметкерлері тарапынан берілген ұсыныстар осы алқалы кеңесте кеңінен талқыланды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері медициналық инфрақұрылымды жақса…

0
0
625

Қазақстан әскери әншілері Кремль сахнасында

Бәріміз сүйіп тыңдайтын «Синий платочек» әнін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің әншілері Ресей Федерациясы Отан қорғаушылар күніне арналған концертте орындады. Әскери әншілер келісім-шарт қызметінің әскери қызметшілері Сая Үмбетова мен апалы-сіңілі Арай мен Алтынай Хабдесовалар ресейліктерді бүкіл қазақстандықтар атынан мерекелерімен құттықтады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі вокалдық тобының әншілерін Ресей Федерациясы Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концертке қатысуға Қорғаныс министрі Сергей Шойгу шақырған болатын. «Ансамбль әртістерінің концертке қатысуы біздің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері арасындағы жауынгерлік ынтымақтастықты дам…

0
0
328

ҚР Қарулы Күштерін техникалық жаңғырту

BNews.kz порталының студиясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары,  генерал-майор Талғат Жеңісұлы Жанжүменовтың қатысуымен "ҚР Қарулы Күштерін техникалық жаңғырту" тақырыбында Онлайн-конференция өтті.

http://www.bnews.kz/kk/conferences/view/255/

 


0
0
448

Қазақстан Қорғаныс министрі Латвия елшісімен кездесті

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Маклаковспен Латвия Елшілігінің НАТО-ның Қазақстандағы байланыс елшілігі функцияларын қабылдауына орай кездесуі болып өтті. Тараптар «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады. Әсіресе Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлік әлеуетінің дамуына баса назар аударылды.Қазақстан Қорғаныс министрлігінің «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде НАТО-мен ынтымақтастығы бейбітшілікті қолдау жөніндегі бірлескен жаттығуларға қатысу және оны жоспарлауда тәжірибе алмасу, операцияларды өткізу мен оны жан-жақты қамтамасыз ету арқылы ұлттық бітімгерлік әлеуеттің дамуын…

0
0
314

Артиллеристер тәжірибелерін шыңдады

Алматы облысындағы оқу-жаттығу орталығы базасында миномет взводтарының тәжірибе сабақтары өткізілді. Сабақтар Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының басқармасы Ракета әскерлері мен артиллерия бастығы полковник Асқар Жоламановтың басшылығымен жүзеге асырылды. Бақылау сабақтары барысында артиллеристер қозғалмайтын нысаналарды зеңбіректермен, минометтермен тура атудан емтихан тапсырып, көз шағылыстыратын құралдарды пайдаланып, нысаналарға түтін салу арқылы дәлдеуден тапсырмалар орындады. Минометпен және басқа да атыс қарулары түрлерімен оқу жауынгерлік атыстары күндізгі және түнгі жағдайларда орындалды. Жауынгерлік атыстардың қорытындысы бойынша минометші-жауынгерлер радиусы 10 метрден 3 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысана көздеуді жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Тағы бір айта кетерлігі Аэроұ…

0
0
316