Жауынгерлік парад өткізіледі
Қазақстан тарихында Қорғаныс министрлігі тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізеді.
Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков 2013 жылы Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды.
Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қосымшалар енгізіліп, Отан Қорғаушылар күні мемлекеттік мерекеге айналды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығы құрметіне және осы датаны атап өту үшін Қазақстан тарихында 7 мамыр күні Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өткізілетін болады.
Жауынгерлік парад барысында авиацияның және артиллерияның сүйемелдеуімен әскерлердің практикалық іс-қимылы пысықталады. Арнайы жабдықталған алаңда Қазақстан Қарулы Күштеріне соңғы уақыттарда берілген қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері мен олардың жауынгерлік қолданылуы көрсетіледі. Мәселен, С-295 ұшағын топырақты ұшу-қону жолағына қондыру жоспарланып отыр.
Гвардейскі гарнизонындағы салтанатқа қатысушылар Каспии жағалауында Қазақстанның Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысты өткізгендіктерін көреді. Бұл үшін бейне конференция ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өкілдері салтанатқа қатысушыларға әскери мақсаттағы өнім өндіру жөніндегі жетістіктерін паш етпек.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
