Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті
Бүгін Алматы қаласындағы 28 гвардиялық-панфиловшылар паркіндегі Даңқ Мемориалында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті. Курсанттардың оқу бітіру салтанатына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров, Әуе қорғанысы күштерінің, Ұлы Отан соғысы және Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті билік өкілдері қатысты. Алғашқы «лейтенант» әскери атағын алуға институттың 133 түлегі ие болып отыр. Олардың тоғызы оқу озаты дипломы мен «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісіне ие болды. Оқу орнын алтын медальмен лейтенант Владимир Иванченко бітірді. Ол Астана күні қарсаңында елордада Елбасының қолынан диплом мен погон алу құрметін иеленді.Бұл бітірушілер аталған институт курсанттарының же…
