Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты курсанттарының емтихандары аяқталуда

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында бітіру емтихандары аяқталуда. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Серік Ысмайылов басқарды.

 

Биыл әскери оқу орнын аяқтау туралы дипломдарды 133 бітіруші алады. Олардың ішінде 9 курсант үздік диплом алу құқығына үміткер. Емтихандарды сапалы өткізу үшін институт басшылығымен мультимедиялық жабдықпен жарақталған аудиториялар дайындалды.

 

Бітіру емтихандарының дәстүрлі түрде Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында 2013 жылғы 29 маусымда өтетін біріту салтанатты рәсімімен аяқталады.

 

Осы жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының қабырғасынан жетінші рет түлектер қанат қаққалы отыр. Оқу орны 2001 жылы құрылған болатын. Әскери жоғары оқу орнының қабырғасында зениттік-ракеталық, радиотехникалық әскерлер, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету әскерлері, құрлық әскерлері әуе шабуылына қарсы қорғаныс, байланыс, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерлері мен қару-жарағын автоматтандырылған басқару жүйесінің бөлімдері үшін офицерлер даярлайды.

 

- Болашақта біздің түлектер офицер атағына лайықты білікті маман ретінде көрсетеді, - дейді нық сеніммен Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Садықов.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
2103

Осы тақырып бойынша