Щучинск қаласындағы Кадет корпусы 15-ші кәсіпқой сержанттар толқынын шығарып салды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын кезекті түлектер бітіріп шықты. Оқу орнының қабырғасынан шығып отырған 176 кәсіпқой сержанттың 15-і оқуды үздік аяқтады. Салтанатты шараға кадеттердің ата-аналары мен туған-туыстары, қонақтар, Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысты. Дәстүр бойынша әскери оқу орнын бітірушілер тізе бүгіп, Тумен қоштасу қасиетті рәсімін орындады. Тумен қоштасу құқығына оқу озаты, Кадет корпусын бітіруші Қағазбек Мерейдің үлесіне тиді. Жиналғандар асыға күткен сәт сержанттардың вальс орындау сәті болды. Бұл оқу орыны құрылған алғашқы жылдардан бері Кадет корпусының айнымас игі дәстүріне айналған. Биыл он бесінші түлектер бітіріп шығуда. Осыншама рет Кадет корпусының саптық алаңында кадеттердің бітіру салтанатында в…