ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты курсанттарының конференциясы

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында курсант тар мен студенттердің «Қазақстан-2050. Біз – өз болашағымыздың құрылысшысымыз» атты ІІІ жыл сайынғы ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына 120-дан астам жоғары оқу орындарының студенті мен басқа да әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатысты.

Конференция мақсаты курсанттар мен студенттерді оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын талқылау, оларда қазақстандық отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.

Әскери білім беру жүйесіндегі, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы курсанттардың роліне, болашақ офицерді сапалы даярлаудың негізі болып табылатын курсанттардың ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруының қажеттігіне үлкен көңіл бөлінді.

Конференция жұмысы әскери-инженерлік және гуманитарлық пәндер бойынша жеті секцияда ұйымдастырылды. Конференция барысында қатысушылар баяндама жасап, Мемлекеттің қазіргі заманғы даму кезеңінде курсанттар мен студенттерді оқыту сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Осы іс-шара барысында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты курсанттары конференциялар, дебаттар, байқаулар мен олимпиадаларға қатысқан өткен оқу жылының жемісті болғандығы атап өтілді.

Ғылыми секциялардың төрағалары мен хатшылары ретінде институт курсанттарының өздері шықты, сонысымен олар институт қолбасшылығының курсанттарда дербестік пен тапсырылған іске деген жауапкершілік ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, жеке құраммен жұмыс істеу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мақсатын іске асырды.

Курсанттар ғылыми даярлықта, аудиторияға өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсына білуде, талдау жұмыстарын жүргізіп, материалдарды біріктіре білуде өздерінің үздік қасиеттерін көрсетті.

Курсанттардың, студенттер мен тыңдаушылардың үздік баяндамалары институт бастығының дипломдарымен және грамоталарымен атап өтілді. Конференцияға қатысушылардың барлығына сертификатар табыс етілді. Курсанттардың үздік баяндамалары конференция еңбектерінің жинағына енетін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі