Семейде армия жекпе-жек ұрысы бойынша жарыс өтті
Семей өңірлік гарнизонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына армия жекпе-жек ұрысы бойынша өткен жарыс аяқталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің арасында артиллериялық бригаданың командасы бірінші орынды жеңіп алды. Бұл бөлімнің спортшылары түрлі салмақ дәрежелерінде үш алтын медальді олжалады. Екінші орынды барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері иемденсе, гарнизон ракеталық бригадасы үшінші орынға қол жеткізді. -Жарыс барысында біз өз әскери қызметшілеріміздің күші мен шыдамдылығын тексеріп қана қоймай, сонымен бірге ең мықты спортшыларымызды анықтадық. Біз олардан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасын қалыптастырып, содан соң бүкілармиялық жекпе-жек сайысына қатысатын боламыз, дейді дене даярлығының бастығы майо…
