Петропавлда Әскери-патриоттық орталық ашылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында болды. Сапардың мақсаты Қарулы Күштердің оң беделін арттыру, әскери қызметті насихаттау және жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жандандыру. Топ жетекшісі Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов облыстағы Әскери-патриоттық клубтар мен жас армияшылар орталықтарының басшыларымен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, облыстық білім және жастар саясаты басқармаларының басшылары қатысты. Қазіргі уақытта облыста 10 әскери-патриоттық клуб пен 14 жас армияшылар орталығы белсенді жұмыс істейді. Бұл қоғамдық ұйымдардың жастарға патриоттық рухта тәрбие беруде атқар…