ҚР Қорғаныс министрлігі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілерінің еңбекақысын өсіреді
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін бүгіннен бастап ҚР Қорғаныс министрлігі барлық азаматтық қызметшілерінің еңбекақыларын көтерді. 2014 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2014 жылғы 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілер мен жұмысшылардың еңбекақысын 10 %-ға көтеру туралы тапсырма берді. Аталған тапсырманы орындау үшін Үкімет «Азаматтық қызметшілерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 269 қаулысы қабылданды және ол 1 сәуірден бастап күшіне ене…