Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбеде жастарды әскерге шақырудың көктемгі науқаны басталды

Биыл аймақта Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге бір мыңға жуық бозбала аттануы тиіс.  Дәл қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне  іріктеу жүріп жатыр. Бұл тізімге жүзге жуық жас сарбаз енгізілетін болады. Ал мамыр-маусым айларында олар ішкі әскер қатарына және Төтенше жағдайлар министрлігі жасақтары құрамына алынады.

Әскерге аттанатын әр жігіттің арманы  саналатын Республикалық гвардия сапында қызмет ету құрметіне ең үздіктері ғана қол жеткізбек. Жалпы әскер қатарына алынатын жастарға қойылатын талаптар бұрынғыша шымыр денелі, бойы 165 сантиметрден кем емес, орта білімі бар жігіттер ғана Отан қорғау мүмкіндігіне ие бола алады. Сәуірдің бірінен бастап ауылдық жерлерде тұратын жастар медициналық комиссиядан өте бастады. 

Мейірбек Сансызбаев, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары: 
-Ақтөбе облысы бойынша 1000-ға жуық адамды әскерге шақырамыз, көктемде.  Оған біздің барлық жағынан, призивниктер жағынан болсын, басқа да құжаттар жағынан болсын барлығы дайын. Сонымен қатар Ақтөбе облысында 20013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Әскери техникалық мектеп жұмыс жасап жатыр.

Хабар

0
0
512

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде жастарды әскерге шақырудың көктемгі науқаны басталды - Yvision.kz