ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Көкпекті ауылындағы тасқыннан зардап шеккендерге жәрдем көрсетуде
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Қарағанды облысы Көкпекті ауылындағы табиғи апаттың салдарын жоюға қатысуда.
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 және 36352 әскери бөлімдерінің 74 әскери қызметшісі Көкпекті су қоймасы бөгетінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілді. Жеке құрам қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ ҚР ҚК әскери қызметшілері жергілікті тұрғындарды тамақтандыру үшін далалық асхана жасақтады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
