Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өтеді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда «Жас ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестивалінің іріктеу турлары болып өтті. Көркемөнерпаз орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар бұған дейін рота-батальон, батальон бригада буындарында іріктеуден өтті. Бүгінгі таңда үшінші іріктеу турынан өткен түрлер, тектер мен өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары Астанадағы қорытынды сайысқа дайындық үстінде. Сондай-ақ фестивальге басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысып, фестиваль қонақтары өнер көрсетеді деп күтілуде. 2013 жылғы 8-13 қазан аралығында астаналық «Конгресс-холл» концерт залында қорытынды тур және «Жас ұлан» фестивалі лауреаттарының гала-концерті өткізіледі.Республикалық фестивальге қатысушылар «орындаушы-вокалис…