Қазақстандық мергендер халықаралық сайыстың алдыңғы қатарында
Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде мергендер жұптарының халықаралық жарысына қатысуда. Үздік мергендер атағынан әлемнің 40 елінен жиналған мергендер жұптары үміткер. Жарыс шеңберінде қатысушылар 10 шақырымдық маршруттан, сондай-ақ миналанған учаскелерден өтулері және фотосуреті бойынша нысананы дәл танып, атып тигізулері қажет. Мергендер жұптарына қойылатын басты талап – жұптасып жұмыс істей білу. Жарыс жауынгерлік жағдайға барынша ұқсайтын жорықтық-далалық жағдайда өтуде. Халықаралық жарыста Қазақстаннан барған қатысушылар үздік нәтижелер көрсетуде. Бақылаушылар біздің мергендердің даярлық деңгейін оларға жарыстың алдыңғы қатарында болуларына мүмкіндік береді деген баға беруде. Өз кезегінде НТВ телеарнасының журналистері қазақстандық мергендердің жар…