Бүгін Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі басталды
Астанадағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің ғимаратында «Жас ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестиваліне қатысушыларды финалдық тыңдаулар басталды. Финалға үшінші іріктеу турынан өткен әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары қатысады. Сондай-ақ фестивальге басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысып, фестиваль қонақтары өнер көрсетеді деп күтілуде. Барлығы финалға әртүрлі бөлімдер мен әскери оқу орындарынан келген 250-ге жуық орындаушылар мен шығырмашылық ұжымдар қатысады. - Бұл фестиваль тұңғыш рет елордамыз – Астана қаласында өткізіліп отыр. Фестивальдің мақсаты Қарулы Күштердің имиджін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау болап табылады – деп Бас штаб бастығының орынб…