МО РК
@minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
рейтинг
100
жазбалар
1 061
пікір
1
тіркелуші
7
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
1 061
пікір
1
тіркелуші
7
жазылымдар
0
Ереванда қазақстандық «KADEX» көрмесі талқыланды
Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымына мүше-мемлекеттер әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясының (ӘЭЫМК) 11-отырысына Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы қатысты. Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров жетекшілік етті. Комиссия жұмысына Армения Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Артур Багдасарян, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан ӘЭЫМК ұлттық бөлімдерінің басшылары қатысты. Комиссия ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері жөніндегі Келісімді одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды. Комиссия отырысының қарсаңында ӘЭЫМК Төрағасының жанындағы…
Қазақстан Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралар қабылдауда
Бүгін Қазақстан қорғаныс ведомствосында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевтің төрағалығымен ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 2013 жылдың басынан бері қорғаныс ведомствосында Мемлекет басшысы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының бастамасымен жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жоспар шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылды. Ол жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б. Майкеев: – Қорғаныс министрлігі әскерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Комиссия әскери ортада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бұдан да тиімді…
Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
Бүгін Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Сергей Гурлевпен кездесті. Кездесу Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өтті. Тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аталған саладағы екіжақты қарым-қатынасты реттеуші және оның дамуына ықпал ететін маңызды орган ретінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь кіші комиссиясы жұмысының қарқынына оң баға берді. Кездесуде Әділбек Жақсыбеков: – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Біз ел аумағында қазақстан…
Қорғаныс министрлігінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов депутаттарға әскери білім мен әскери ғылымды дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери кадрларды дайындаудың тұрақты жүйесі қалыптасты. Әскери білім жүйесі әскери ғылымның даму тәжірибесіне негізделген. Әскери өнердің теориясы мен тәжірибесін игерудің нақты әдістемесі жүйеленді. Отырыс барысында депутаттар әскери кадрларды және жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау, олардың оқу-материалдық базасын нығайту, әскери-техникалық әзірлемелерге…
Астанада үздік Ақмола өңірлік гарнизонының әскери жүргізушісін таңдайды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үздік жүргізуші байқауын алғаш рет өткізуде. Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелерінен келген өкілдер үш күн бойы өз шеберліктерін көрсететін болады. Олар автокөліктердің барлық түрлерін жүргізуден, бұзылған деталін жөндеуден, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуден сайысқа түседі. Үздік жүргізушіні таңдау кезінде кәсіби әскери қызметшіге тән барлық қасиеттер назарға алынады. Байқауға тәртібі жақсы, денсаулығы мықты әскери қызмет бойынша тек ең үздік жүргізушілер қатыстырылуда. Бүгін Астана қаласындағы 83205 әскери бөлімінде «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атты алғашқы байқаудың (теория бойынша) бірінші кезеңі өткізілді. Қатысушылар жауынгерлік әзірлік, Қазақстан Республикасы Қарулы Күште…
НАТО сарапшылары: қазақстандық бітімгершілер жедел үйлесімді және БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын деп танылды
Алматы қаласында Құрлық әскерлері әскери институтындағы «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығында «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша НАТО-ның Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған жыл сайынғы конференциясы болып өтті. Бағдарлама әріптес елдер бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО елдерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылға әзірлігін бағалау механизмі болып табылады. Конференцияға Австрия, Әзірбайжан, Армения, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Иордания, бұрынғы Югослав республикасынан Македония, Молдова, Мавритания, Норвегия, Сербия, Түркия, Украина, Финляндия, Щвеция және Черногория өкілдері қатысты. Қатысушылар бітімгершілік бөлімшелерді бағалау жүргізу саласында тәжірибе алмасты, бітімгершілік саласындағы әс…
Қазақстандық бітімгершілер ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады
Бүгін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің бітімгершілік контингенттері «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуына қатысу үшін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонына келді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысады. ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері 7-12 қазан аралығында бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтайды. Бітімгершілер жаттығу барысында қақтығысқан тараптарға арағайындық жасау, гуманитарлық жүктерге қолдау көрсету және бітімгершілік лектеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтайтын болады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамына жергілікті жерлерді минадан тазартуға арналған бірлескен іс-қимылдарға қатысу,…
Қазақстан Қорғаныс министрлігі кәсіби армияға көшудің Тұжырымдамасын талқылауда
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың жетекшілік етуімен Қазақстан Қарулы Күштерінің басшы құрамы қатысқан конференция өткізілді. – Кәсіби армияға өтуге байланысты әскерлердегі жауынгерлік оқуды жетілдірудің жаңа жолдарын іздестірудің қажеттігі артып отыр,-деді ҚР ҚК Бас штабының бастығы. – Әсіресе, жауынгерлік даярлық параметрлерін сапалы түрде өзгертудің әдіс-тәсілдерін қазіргі заманғы даму үрдісін ескере отырып, ұйымдастыру мен өткізудің қажеттілігі өсті. – Біз шетелдік армиялардың ең үздік тәжірибесіне сүйендік. Конференция барысында Қарулы Күштердің құрылымдары мен әскери бөлімдеріндегі қазіргі кезеңдегі кәсіби армияға өту шарттары бойынша жауынгерлік әзірлікке талдаудың көрсеткеніндей әскерлердегі бүкіл жауынгерлік да…
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери білім: НАТО-мен тәжірибе алмасу
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің АҚШ армиясы Әскери колледжінің және Чехия Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушыларымен кездесті. Семинар «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде өтті. Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Ұлттық қорғаныс университеті әскери-мемлекеттік басқару факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Профессор Джон Бонин, доктор Скот Горман және доктор Ян Спишак НАТО блогы мен АҚШ құрлық әскерлері әскери доктриналары жүйесін, сондай-ақ өз елдері әскери оқу орындарының оқыту әдістері туралы әңгімеледі, тактикалық операцияларды дайындау және өткізуге батыс елдері әскери көзқарастарының трансформациялану бағыттары талқыланды. -Семинар барысында алынған ақпарат, болған тәжірибе алмасу, оқытушылардың кәсіби деңгейінің с…