Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің назарына!
Бүгін, 2014 жылғы 10 ақпанда ағымдағы жылғы 22-25 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрмесін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді ресми тіркеу жарияланды. «KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі – бұл қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қол жеткізген соңғы жетістіктерді көрсету және мамандардың пікір алмасу алаңы. «KADEX-2014» келесі бес бағыт бойынша өткізіледі: Құрлық әскерлері және Әскери-теңіз күштерінің қару-жарғы мен әскери техникасы; Авиация және авиациялық қару-жарақ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және құралдары; Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер; ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі мен құралдары; Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету; Тығыз іскерлік, көрмелік, көрсетілімдік «KADEX-2014» бағдарламасы жетекші шетелдік және…