Қашаған жыл соңына дейін қанша мұнай өндіреді?
Жыл соңына дейін Қашағанда бір млн. тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында тілшілерге берген сұхбатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. «Қашағанды іске қосу 23 қазанға жоспарланған еді. Алайда, кен орнынан алғашқы экспорттық мұнай қазанның бірінші жартысында жіберіле бастады. Әрине, қазіргі кезде ретке келтіру жұмыстары атқарылуда. Жалпы, мұнай тұрақты түрде құбыр жүйесіне бағытталып жатыр. Техникалық кемшіліктер бар, яғни бұндай жағдайлар осындай ірі кен орындары іске қосылған кезде болатыны түсінікті. Дегенмен, үлкен проблемаларды байқап отырғанымыз жоқ»,- деді Бозымбаев. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қашағанда 120 мың тоннадан астам мұнай өндірілген. Сонымен қатар газ да «ҚазТрансГаз» құбырларына жіберілді. «ҚазТрансОйл» АҚ және Кас…