Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордада жаңа кодекстің жобасы талқыланды

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің жобасы осы салаға қатысы бар мекемелер арасында қызу талқылануда.

Жоба әлемдік талаптарға сай етіп жасалуда. Энергетика вице-министрі қатысқан диалог түрінде жиында көмірсутегін өндіру мен барлау саласы талқыланды. Жоба әлемде бағаның төмендеуіне қарамастан, мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді. Сол үшін түрлі жаңалықтар енгізілуде. Әкімшілік кедергілерді азайту жолдары да қарастырылған. Сондай-ақ кенішті барлаған компания сол жерде мұнай не газ өндіруді қолға аламын десе, оған көп артықшылық беріледі. Сөйтіп шығыны көп барлау саласына инвестор тартудың жолы қарастырылған.

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Нарықта экономикалық жағдайдың қалыптасуына байланысты өндіруші компанияға көп ерік берілгелі тұр. Егер керек дейтін болса, берілген көлемді биыл өндіріп алсын. Болмаса, қаржысын ұстай тұрып, келісілген уақыт ішінде, әйтеуір бір өндірсе болады. Бұл – олар үшін ыңғайлы жағдай.

 

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/84905-elordada-zha-a-kodeksti-zhobasy-tal-ylandy

0
0
317

Осы тақырып бойынша

Елордада жаңа кодекстің жобасы талқыланды - Yvision.kz