Еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізіледі
Еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізіледі. Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдерімен кездесіп, тиісті мәміле жасасты.
Мәртебелі миссияны атқаруға халықаралық сарапшылар шақырылды. Олар атом саласының қазіргі аяқалысын бағамдап, жүйелі жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі.
Тиісті жұмыс жүргізуге биліктегілер қаржы бөлмейді. Миссия атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік есебінен жүргізіледі.
Дохи Хан, АЭХА Атом энергетикасы департаменті бөлімінің директоры
-Бағалау ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру сынды 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Біз өңірлерде орналасқан нысандарға бармаймыз. Дегенмен Қазақстанның бағалау есебіне басты назар аударамыз. Біздің бұл сапарымызды толығымен МАГАТЭ қаржыландырады.
