ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Лениннің тәнінен түк қалмапты

Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Владимир Мединский Лениннің мүрдесін жер қойынына беру керек деген мәселені үнемі көтеріп жүр. Оның айтуынша, Қызыл алаңдағы мавзолейде жатқан «күн көсемнің» бальзамдалған тәнінің тоқсан пайыздан астамы жасанды заттар. Тәнінен түк қалмаған. Іріп-шіріп біткен.

Мединскийдің ойынша, Лениннің мүрдесін бұдан әрі ұстау бюджетке де артық шығын, оның үстіне мүрденің идеологиялық артефакт ретіндегі құны қалмады, сондай-ақ мүрдені жер қойнына бермеу Лениннің туыстары мен коммунистік идеологияға адал адамдарға жасаған қиянат боылп табылады.

Танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы Владимир Лавров та кесенедегі Ленин мен Сталиннің денелері туыстарына берілгені жөн дегенін bigtorrents.org хабарлады. Ғалым Қызыл алаңдағы некрополь ерте ме, кеш пе жойылатынына сенімді. Ленин, Сталин бастаған кеңестік қайраткерлердің барлығының денесін туыстарына қайтарып беруді, соның ішінде Юрий Гагарин секілді ұлт батырларын мемлекеттік деңгейде шара ұйымдастырып қайта жерлеу керек дейді ғалым.

Әзірге, Ресей үкіметі бастамашыл топтың ұсынысын үнсіз қалдырып отыр. Дегенмен, кейбір саясаткерлер алдағы президент сайлауы қарсаңында Путин оларды қолдап, жұрттың көзіне тағы бір рет жақсы қырынан көрінетін мүмкіндікті ұтымды пайдаланып қалуға тырысады дейді.

Бек ДАТҰЛЫ.