Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айдос Сарым, саясаттанушы: Тіл – кімнің кім екенін анықтайтын индикатор

 

alt

- «Ресми тіл мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады». Конституциямыздағы дәл осы тармақ мемлекеттік тілдің дамуын қаншалықты тежеп тұр?

- 1991 жылы Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде қазақтардың саны 40%-ды ғана құрады. Сіз айтып отырған заңдық норма сол кездегі түсініктен, пайымнан және сол уақыттағы демографиялық ахуалдан туындаған. Бүгінгі жағдай көп нәрсені аңғартып жатыр, яғни 23 жыл бұрын біз қалап келе жатқан тілдік жағдайды бірден белден басып орындасақ, біздің тәуелсіздігіміздің баянды болуы екіталай болмас па еді? Бұл туралы талай дауласуға да, пікір таластыруға да болады. Мойындауымыз керек, дәл осы заңдық норма тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге алғышарт бола алды. Егемендіктің алғашқы тұсында еліміздегі орыстар өзінің анасындай көретін мемлекеттен (КСРО-дан), ондағы коммунистік партиядан, өздеріне жағдай жасап жатқан сол партияның түрлі бағдарламаларынан айырылып қалды. Оларға демеу болатын бір фактор керек қой?.. Міне, дау тудырып жатқан заңдық норма дәл осы себептен туындап, әлі күнге дейін сақталып келеді. Байқасаңыздар, Қазақстанда ешбір орыс ұлтының өкілі өзін «Мен Ресейдің жақтасымын!», «Мен орыспын!», тіпті «Мен христианмын!» деп те атай алмайды, олар «Біз орыстілдіміз!» дейді. Орыс тілінің әлеуетінің кеңдігі мен мүмкіндіктерінің көптігі шығар, орыс тіліне кенедей жабысып қана олар өздерін айқындап жүр. Сондықтан бұл заңдық норманы саяси компромисс  дейік, басқа дейік, қалай айтсақ та бұл норма алғашқы жылдардағы жағдайды ескеріп, елдің-жердің тұтастығын сақтап қалуға айтарлықтай қызмет етті. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
1
0
1044

Осы тақырып бойынша