Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі
Анамның тілі – ардақтым менің! Сен менің кішкентай кезімде әкем болып маңдайымнан сипап, өмірдің тілін ұқтыра бастап едің-ау! Тіпті мойныңа отырғызып қуантқаның, шаттыққа бөлегенің әлі есімде. Дәстүр салтымды бойыма сіңіре ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірткенің бүгінде жадымда. Сенің шашасына шаң жұқтырмас шын жүйрік екеніңді сол кезде-ақ сезінгенмін. Мынау жусан иісі аңқыған дархан далада жел болып кекілімнен сипағаныңды айтсайшы! Сенен өткен жұмсақ, сенен өткен жайлы болар ма деп тамсанғанмын сонда. Ана тілім менің, бір өзің ғана мынау жарық дүниеге мән берген жарқын жүзді анам болып омырауыңа басқансың. Сонда мен көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емірене емгенмін. Дидарыңнан ерінің намысы мен елінің аруағын биік қойған алып күшті сезінгенмін. Әзәзіл атаулыдан аласталған а…
