Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдегі ең қымбат кітаптар

Әлемдегі ең қымбат кітаптар

Кітап – ең қымбат сыйлық. Оның арзаны да, бағасы жоғары құндысы да болады. Алайда әлемде бағасы шағын мемлекеттердің бюджетімен пара-пар кітаптар баршылық. Бірақ оның бағасы жай қойыла салатын дүние емес. Алдымен оның қай дәуірге жататыны мен түпнұсқасы қандай екендігі қатаң ескеріледі. Егер кітаптың иегері танымал тұлға болса және өзінің суреті, қолы қойылған жазбасы болса, онда бағасы шарықтай түспек.
 

Гутенберг библиясы – 25-35 млн. доллар

altБұл Еуропа баспасынан басылып шыққан туынды. 1456 жылы Гутенберг осы кітаптың 180 нұсқасын басып шығарған.

Оның 45-і пергамент қағазында, ал қалғаны итальяндықтардың сулы белгілері бар қағазына басылған. Қазіргі таңда әлемде Библияның 48 нұсқасы сақталған. Оның жартысынан көбі өкінішке қарай, толық сақтал­маған. Кітап бағасының жоғары болуына оның алғашқы болуы мен сапасы әлдеқайда көп рөл атқарған. Кітаптың жарыққа шыққанына 5 ғасырдан асып кетсе де, оның қағазы қатты және әріптері де толық оқылады. Гутен­бергтің өзі арнайы жасаған бояудың сыры да әлі беймәлім. Бұл кітаптың барлық нұсқалары әлемнің әр түкпірінде атақты музей мен тарихи кітапханалардың сөресінде тұр.

 

Лестер кодексі – 24 млн. доллар

alt72 беттен тұратын Лестер кодексі ұлы суретші Леонардо да Винчидің астрономия мен геологиялық зерттеулерінен, су ағысы мен иірімінің суреттерінен, ғылыми бақылауы мен эскиздерінен тұрады.

Кітаптың тағы бір ерекшелігі, ол басынан аяғына дейін теріс жазылған, яғни оны айнаға қарап оқуға да болады. Кітап оны 1717 жылы алғаш сатып алған граф Лестердің құрметіне атаған. 1994 жылы Лестер кодексін 24 миллион долларға қазіргі иегері Билл Гейтс сатып алған. Кітаптың бағасының шарықтауына Леонардо да Винчидің ішіне салған суреттері әсер етіп отыр. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1084

Осы тақырып бойынша

Әлемдегі ең қымбат кітаптар - Yvision.kz