Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы.

«Бiлектi бiрдi жығады, бiлiмдi мыңды жығады»  - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бiлiмдiнiң ала алмайтын қамалы, аса алмайтын асуы болмас. Нағыз көшбасшы болу үшін тек қана талантты болу аз, негізінен өз саласының, өз мекемесінің лидерін қалыптастыру үшін өткізіліп отырған іс шараның бірі «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бесқарағай аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы.

Бұл сайыстың мақсаты – орталық қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру болып табылады. Сайыста топтардың күнделікті қызмет барысында қолданып жүрген мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы кәсіби білімділігі мен жылдамдылығы сонымен қатар, өз қызметіне деген қызығушылықтары сыналды. Сайыстың әділетті өтуіне ықпал жасаған әділқазы алқасында атқарушы орган мамандары  мен бөлім басшысы болды. Олар қатысушыларға әділ бағасын беріп, жоғары ұпай жинаған көшбасшыны анықтады.Сайыс нәтижесінде көзге тускен қызметкерлерге марапаттау қағаздары беріліп, жұмыстарына табыстар тіледі. Бұл сайыстың ұйымдастырылуын басқада бөлімдер де өткізу жоспарланып отыр.

   
0
0
867

Осы тақырып бойынша