«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау»
Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» орталықта азаматтарға қолжетімді болып отыр.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың топтамасынХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күнінде орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жеке тұлға азаматтары порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қажет.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде толық ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Электрондық өтініште көрсетілген құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Тұтынушы ХҚКО -ға қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады:
-өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат ал, оралмандар үшін - оралман куәлігі;
- баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
- баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда);
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
- жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;
- өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда - сенімхат.
Тұтынушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
