Мазмұнға өту
kaztube1

kaztube1

Сайтта 2013 ж. 15 наурызКазахстан, Астана

Добро пожаловать на официальную страницу казахстанского видео-портала KAZTUBE.KZ! Созданный в 2009 году видео-портал несет информационно-развлекательный характер, так же поддерживает казахоязычный видео-контент. На сегодняшний день на сайте зарегистрировано более 130 000 пользователей. Ежедневно осуществляется более 25 000 просмотров! ПРИСОЕДИНЯЙТЕСЬ!

рейтинг

100

жазбалар

381

пікірлер

12

тіркелуші

26

жазылымдар

4

Рүстем Жүгінісовтің ән кеші өтті

Кеше Астана қаласы, Қазақстае орталық концерт залында дарынды жас әнші Рүстем Жүгінісовтің шығармашылық ән кеші болып өтті.

Рүстемнің концертіне халық жиналып жатқан сәт. Өнерді бағалайтын халықтың көптігі қуантады.

Рүстем Жүгінісовтің продюсері - анасы екен. Басқа керемет продюсерлерден ұсыныс түссе де, Рүстем анасынан алыстап кетпейтін сияқты.

Он сегіз жасар Рүстемнің шығармашылық кешін өткізгені айтарлықтай жетістік. Концерт басталғанға дейінгі сахна сыртындағы дайындық.

Рүстемнің тоғыз жасар інісі - Мұхамедәли. Рүстемнің жанашырларында осындай футболка болды.

Рүстемнің "Елімнің ерке ұлымын" атты ән кешінде өнердегі ағалары - Дос пен Құрмаш Маханов та ән шырқады.

Керемет дауыс иесі Маржан Арапбаева да Рүстемнің ән кешінде қонақ болды.

0
0
1755

Оқушылар арасында өткен шығармалар конкурсының жеңіспаздары марапатталды

Қазконтент АҚ Астана қаласының Білім Басқармасымен бірлесе отырып, алты мектептің 9-10-11 сынып оқушылар арасында "Отан қорғаушылар" атты әскери-патриоттық тақырыпта шығармалар конкурсын өткізген болатын.

Конкурсқа 8 жұмыс ұсынылып, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды Kaztube.kz порталының жетекшісі Аида Ажгалиева марапаттады.

Үздік шығарма жазған оқушыларға табыстайтын сыйлықтар.

ІІІ орын иегері - 7 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Дәулетқұлова Б.

ІІ орын иегері - 6 гимназияның 10 сынып оқушысы Қалиева А.

І орын иегері - 5 гимназияның 10 сынып оқушысы Кораблева Полина.

0
0
573

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздары маратпатталды

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырған конкурсымыздың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтарды біздің ұжымның басшылығы арнайы табыстады. Демотиваторлар конкурсында бірінші орынды мына демотиватор жеңіп алды! Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8169 Демотиваторлар конкурсында екінші орынды жеңіп алған демотиватор. Құтты болсын! http://kaztube.kz/kz/images/8151 Мынау - үшінші орынға лайықты демотиватор. Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8168 Бірінші орынға цифрлы фотоаппарат!Жеңімпазымыз Әлішер Алматыда болғандықтан орнына сыйлықты жеңгесі алды #kaztubeArmy Демотиваторлар конкурсының 2орын иегері сыйлығын алып кетті.Гүлжанат Ақтөбеде,суретте Астанадағы әпкесі. Үшінші орын иегері - Аружан. МР4 құрылғысына ие болды. Құттықтаймыз! Жеңімпаздарымызға сыйлықты "Қазконтент" АҚ Басқар…

0
0
1054

9 мамыр — Жеңіс күні

Бүгін Отан қорғаушылар саябағында Жеңіс күні мейрамына арналған мерекелік парад болды.

Қанмен, жанмен келген жеңістің белгісі.

Астанада бүгін желдің қатты тұруына байланысты көркемдік материалдар құлап қалды. Артынша түзетілді әрине :)

Ұрпақтарының болашағы үшін жанын қиған майдангерлерге арнап гүл шоқтары қойылды.

Батырларды еске алып, құрмет көрсеткен, алау жағып, гүл шоқтарын қойған ұрпақ.

Соғыстан қалған естелік. Кішкентай балаларға атасының жауды қалай қырғанын елестетуіне септігін тигізер естелік.

"Сендердің осылай суретке түсіп, жарқын күлгендерің үшін аталарың жанын қиған"

Отан-Ана монументінің жанындағы бір қабырға Ұлы Отын Соғысына арналған

Мерекелік концерттен кейін мынау палаткалар ішіндер Ардагерлерге арнап ас берілді. Осындай бірнеше палатка бар.

0
0
2780

Жеңіс күні қарсаңындағы мерекелік концерт

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күні мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Сол концерт басталғалы жатқан кез.

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен сыйлаудың лебі еседі.

Мерекелік концерт басталып кетті.

Залда соғыс ардагерлері мен ақ жаулықты аналар толып отыр. Кезінде қосыла шырқаған әндерді естіп, көңілі босап отырған болар.

Ортада квартет "Той вальсі" деп аталатын әнді шырқауда. Бишілердің көйлектері әдемі, иә?

Әлия әнімен ҚР Халық Әртісі - Роза Рымбаева ортада.

Отан қорғаушылар да концерт тамашалап отыр.

Мерекелік концерт керемет өтті. Соңында бар дарын иелеріне Иманғали Тасмағамбетов атынан гүл шоғы ортаға әкелінді.

Есіл ауданының әкімшілігі қарияларға арнайы автобус жалдап, бәрін үйлеріне жеткізіп салды.

0
0
1891

V Қайырымдылық балы

Алматы қаласында өткен V Қайырымдылық балының басталайын деп жатқан сәті. Әсем көйлектерін киіп, сылқымдана қыздар да, шашын артқа қайыра тарап, жігіттер де жиналуда.

Тотыдайын таранған аруларды қараңызшы, көз тоймайды!

Ертегілердегі ханшайымдар мен ханзадалар ғана қатысатын би кешіне ұқсайды. Иә, бұлар - Қайырымдылық Балдың қатысушылары.

Ырғақты әуен, ырғалған би... Қонақтардың бәрі би қанатында қалықтауда.

Балдың қонағы - батырхан Шүкенов орыс полькасын билеуде.

Сахнада Балдың қадірлі қонағы Дмитрий Хворостовский.

Балдың қадірлі қонақтары - Ахметжан Есімов, Дмитрий Хворостовский, Батырхан Шүкенов қызу әңгіме үстінде.

0
0
500

ҚР Халықтар бірлігі күні мейрамы Астана қаласында осылай тойланды

1 мамырда Астана қаласындағы Қазақ елі алағында Қазақстан халықтары достығының мерекесі тойланды.

Қазақ елі алаңындағы концертте халық тым көп. ауа райы да тамаша.

Мына балапан алаңсыз ойнап тұр :)

Концерт тамашалап отырған халық

Мына жас отбасы үшем бөпесін де концерт көрсін деп алып шыққан екен алаңға :)

"Оберег" украин қоғамы

"Возрождение" немістер қоғамы Қазақ елі алаңында

"Ахыска" түрік мәдени орталығы

Корей этномәдени орталығы

"Тан" татар-башқұрт мәдени орталығы

Ұйғыр мәдени орталығы

"Вайнах" шешен-инғұш этномәдени орталығы

"Лад" республикалық славян қозғалысының филиалы мен өзбек этномәдени орталығы

0
0
1080

Жақсыбаев Сәкен — еліміздегі қымбат брендтердің бірі

Астана қаласы, Риксос қонақ үйінің салтанат залында Сәкен Жақсыбаевтың сән көрсетілімі басталғалы жатқан кез. Сарт-сұрт суретке түсіру. Сән көрсетілімі әлі басталған жоқ. Сән көрсетіліміне шақырылған қонақтар кешігіп жатыр. Қазақтар ма, басқа ұлттар ма, белгісіз.… Сәкен Жақсыбаевтың керемет туындылары көрсетілуде. Қыздар, қара мен қанық көк түс сәнде. Сары түс те керемет көрінеді. Бүгінгі керемет сән үлгісін көрсеткен дизайнер - Сәкен Жақсыбаев. Осындай сәтті түсіріп алдық :) Байқадыңыздар ма, киімдер қара, қанық көк және сары түстерден ғана тұрады. Мына көйлек ерекше әдемі. Көздің жауын алатын көйлек :) Көп адам осы көйлекке қызығушылық танытты. Ұзын етекті, белін буған көйлектер сәнде. Қыздар, шалбарды тастап, көйлекке көшіңіздер! :) Жақсыбаев Сәкен - еліміздегі қымбат брендтердің бірі.…

0
0
5620

«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме

Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патриоттық көрме өтті. Алаңда халық көп. Отан қорғаушылар мерекесін тойлау басталып кетті! Әскер қатарындағы жауынгерлер дайындық үстінде. Әскери-патриоттық көрме және мерекелік жиныға жиналған саптағы отан қорғаушылар сақадай сай. Бәрі жүрегіне қолын қойып, хормен әнұран айтуда. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Ортаға тұғыры биік Туымызды ардақтап алып шықты. Оқтай тізілген Отан қорғаушылар. Бірдей киім, бірдей қимыл. Темірдей тәртіп. Иә, бұлар - біздің мақтанышымыз! Жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетті. Отан - Ана монументі. Қолына тостаған ұстаған ана айналасына мейірім төге қарап тұрғандай. Монументтің жоғарғы жағында бидай бар. Ол - тоқшылық белгісі. Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат б…

0
0
2101

Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Орталық Концерт Залында Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты шығармашылық кеші өтті. Кешке халық көп жиналды. Ерекше сезімде болғаны сөзсіз. Мынау сахнаның сырты. Халық енді жиналып, концерт басталғалы жатқан кез. Бүгінгі кештің иесі - Бүркіт. Концертінің қалай өтетінін іштей уайымдап, толқып тұрған сияқты. Ештеңе білдірмеуге барынша тырысып-ақ жүр :) Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты кешінің жүргізушілері - КешYOU тобы. Концерт басталғанша қызу дайындық болып жатыр. Бұл концерттегі бүкіл биді басынан аяғына дейін өздері атқарып шыққан - VIVA би тобы. "Бүркіт досымыздың кешіне арнайы сыйлық жасап келдік,"- дейді Нұр-мұқасан. Алматыдан арнайы ұшақ арылтып келіпті :) КешYOU тобы кешті ашып болған соң "Асықпа" әнін орындады. Нұр-мұқасан VIVA би тоб…

1
0
3955