Кеше Астана қаласы, Қазақстае орталық концерт залында дарынды жас әнші Рүстем Жүгінісовтің шығармашылық ән кеші болып өтті.
Рүстемнің концертіне халық жиналып жатқан сәт. Өнерді бағалайтын халықтың көптігі қуантады.
Рүстем Жүгінісовтің продюсері - анасы екен. Басқа керемет продюсерлерден ұсыныс түссе де, Рүстем анасынан алыстап кетпейтін сияқты.
Он сегіз жасар Рүстемнің шығармашылық кешін өткізгені айтарлықтай жетістік. Концерт басталғанға дейінгі сахна сыртындағы дайындық.
Рүстемнің тоғыз жасар інісі - Мұхамедәли. Рүстемнің жанашырларында осындай футболка болды.
Рүстемнің "Елімнің ерке ұлымын" атты ән кешінде өнердегі ағалары - Дос пен Құрмаш Маханов та ән шырқады.
Керемет дауыс иесі Маржан Арапбаева да Рүстемнің ән кешінде қонақ болды.