«Күн сәулесі түспеген» қойылымы
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына "Күн сәулесі түспеген" атты психологиялық драманың премьерасын көруге келдік. Кіре берісте әдемі әуеннің керемет әсеріне бөленесіз. Қойылым басталғанша қыздар түрлі композицияларды тартты. Антонио Буэро Вальехоның қазақ тіліне аударылған "Күн сәулесі түспеген" атты психологиялық драмасындағы басты рөлдің бірі - Марио рөлі. Марионы сомдайтын Асылбек Қапаев грим бөлмесінде. Бақыт Исабекова ананың рөлін сомдады. Бір-бірін түсінбейтін, үнемі тіл табыса бермейтін екі ұлдың анасы. Боранбай Молдабаев ақыл-есінде ауытқушылық бар, бала сияқты әрнәрсені былдырлап жүретін әкенің рөлін ойнады. Қойылым баспа үйінің кеңсесінен басталды. Қоластындағы хатшысының әлсіздігін пайдаланып жүрген бастық. Алжыған әкенің бала кейпіне ен…

