Қазақстан индустриялық даму жолында оң белестерді бағындыруда
2012 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспарын қабылдады. Оның алғашқы 5 жылдық кезеңінде индустрияландырудың жеделдетілген инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары қамтылған. Бұл тұрғыдан келсек, елімізде өткен екі жарым жыл ішінде экономикалық құрылымының өзгеруіне септігін тигізген 443 жаңа өндіріс ошақтары ашылған, бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген жаңа өнімдер шығарыла бастаған. Демек, жаңа сипаттағы индустрияландыру бағдарламасы өнеркәсіптің басты салаларының қарқын алуына тиімді жағдай тудырды. Жалпы есепте, алдағы бес жылға бағдарланған бағдарлама индикаторлары мерзімінен бұрын орындалып келеді. Мәселен, машинажасау саласындағы жалпы үстеме құн 169,4 пайызға, ал, өндіріс көлемі 300 миллиардтан 500 миллиард теңгеге дейін өскен.…