Маңызды мегажобалар ел экономикасын өрістетеді
Елімізде жүзеге асырылып жатқан жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму локомотивтерінің міндеттерін маңызды мегажобалар атқармақ. Алғашқы 5 жылдықта елімізде 18 халықтық құрылыс өз жұмысын бастап та кетті. Оның ішінде, Шығыс Қазақстандағы титан құймалары мен қорытпаларын өндіру зауыты, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түркіменстан» мемлекеттік шекара теміржолдар желісі тәрізді жобалар қазірдің өзінде-ақ жүзеге асырылып, іске қосылған. Алдағы межеде 11 ірі халықтық құрылысты қолға алып, жүзеге асыру жоспарда бар. Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында салынып жатқан шипажайлар жылына 3 миллионға жуық туристі қабылдауға қауқарлы Қазақстандағы негізгі туристік орталықтарға айналмақ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан жобалар жаңа экономикамыздың іргетасының берік қаланып, тегеурінді болуына ықпалын тигізе бермек.
