Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Қазақ спортшыларының қоржынында - үш алтын!

Александр Винокуров, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза - Лондон Олимпиадасының чемпиондары! Ұлт намысын ту еткен спортшыларымыздың қайтпас рухы мен бұлқынған намысы, мұқалмас ерік-жігері мен ерен еңбегінің жемісі. Алға Қазақстан!

0
0
193

«Қазақстан қоржынында - қос алтын!»

Қазақ спортшыларының қоржынында қос алтын! Қос сұңқарымыз Александр Винокуров пен Зүлфия Чиншанло - Лондон Олимпиадасының чемпиондары! Ұлт намысын ту еткен спортшыларымыздың қайтпас руһы мен бұлқынған намысы, мұқалмас ерік-жігері мен ерен еңбегінің жемісі елімізді жеңістерге жетелейді!

0
1
207

«Алға, Қазақстан!»

Қайтпас руһ пен бұлқынған намыс, мұқалмас ерік-жігер мен ерен еңбектің жемісі - Қазақ елінің қоржынына Лондон Олимпиадасындағы алғашқы Алтын медальді Александр Винокуров салды! Даңқты велошабандозымыз Александр Винокуров - Олимпиада чемпионы!

0
1
258

«ПАРЫЗ» Телехикая («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2012 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында азаматтық міндет, қасиетті борыш, қастерлі ұғымды өмірлік қағида еткен жандардың қандықол қылмыс әлемімен аяусыз күресін арқау еткен шытырман оқиғалар топтамасының соңғы хикаялары!

0
0
959

Шығыс аймақ қуатты өндіріс кластеріне айналмақ

Еліміздің шығыс аймағы түсті металлургия, ядролық технологияларды зерттеу және энергетика саласының негізгі орталығы болып табылады. Бұл аймақтағы өнеркәсіп өндірісі жалпыреспубликалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары: мұнда ол 123,9 пайызды құраса, Павлодар облысында 103,4 пайызға дейін артқан. 2012 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында Шығыс Қазақстан өңіріндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 313 миллиард 425 миллион теңге деңгейінде, ал, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 273 миллиард 399 миллион теңгеге дейін жетті. Осының нәтижесінде, тек өткен жылы жалпы республика бойынша еңбек өнімділігі 106,7 пайызға дейін көтерілді. Бұл тұрғыда, айтарлықтай өсім Павлодар облысында байқалды: мұндағы еңбек өнімділігі 2011 жылы 142 пайызды құраған. Өткен 2,5 жыл ішінде еліміздің шығы…

0
0
738