Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Оңтүстік өңір тың қарқынмен қарыштай бермек

Оңтүстік аймақ еліміздің аграрлы-индустриалды орталығы. Елдің шағын және орта бизнес субъектілерінің 40 пайызы осы өңірге тиесілі. Өткен екі жарым жыл ішінде аймақта құны 700,5 миллиард теңгенің 123 жобасы іске асып, 38 мың жұмыс орны ашылған. Оңтүстік өңір болашақта еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепіліне, сондай-ақ, химиялық, машинажасау, туризм және энергетика қуаттылығы шоғырланған орталыққа айналады.

0
0
262

Осы тақырып бойынша