Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Атырауда жаңа химиялық зауыт іске қосылды

Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:

Осы уақытқа дейін Атырау аумағында мұнай өнімдерінің қосындыларынан жасалатын резина, пластмасса шығарылып келсе, бүгінгі телекөпір кезінде мұнай-газ саласында көмірсутегін өндіру, даярлау, тасымалдау үшін қажет химиялық реагенттер зауыты іске қосылды. Мұнда шығарылатын өнім сапасы әлемдік стандарттарға сай.
Қазақстан-Америка біріккен химиялық зауытының әзірге жылдық қуаты 6 мың тонна. 150-ден астам жергілікті маман жұмыс істейді. Жобаның Қазақстандық үлесі 55 пайызды құрайды. Болашақта шығарылған реагенттердің 90 пайыздық мөлшерін Қазақсандық үлеске айналдыру көзделіп отыр. Толығырақ...
0
0
737

Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт Таразда іске қосылды

Бүгін телекөпір арқылы Жамбыл облысында іске қосылған өндіріс орындарының бірі – медициналық киімдер мен жабдықтарды шығаратын зауыт. Аймақта орналасқан бұл өндіріс орнының бүкіл Орта Азияда теңдесі жоқ. Олай дейтініміз, «Суперфарм» серіктестігі шығарып жатқан өнім химиялық қоспалар негізінде полиэтиленді материалдарды қолдана жасалған медициналық бұйымдар болып табылады. Толығырақ...

0
0
231

«Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» телекөпір өтті

Бүгін Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» телекөпірі өтті. Мемлекет басшысы он-лайн желіде елдің барлық аймақтарымен тікелей байланысқа шығып, озық өндірістерді іске қосты. Телекөпір барысында 19 жаңа және «Халықтық құрылысқа» жататын бірнеше қомақты жоба пайдаға берілді.
Телекөпір кезінде тікелей желіге аймақтар арасында алғаш қосылған – Қостанай өңірі. Аймақтың диқандары биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қамбаға 8,7 млн. тонна дән құйылды. Индустрияландыру бағдарламасы қолға алынған екі жылда өңірде 41 млрд. теңгеден асатын 38 жоба іске қосылса, биыл 28 жоба қолға алынған. Солардың ішіндегі өңір экономикасы үшін ең маңыздысы «Соколов-Сарыбай» өндірістік кен орнындағы жаңа техногиялық секцияның ашылуы.
Толық нұсқасын kaztrk.kz көре аласыз.
0
0
427

Бүгін Елбасының қатысуымен телекөпір өтеді

 
Қазақтың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бұл экономиканы басқарудың жаңа жүйесі. Бүгін Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен төртінші жалпыұлттық телекөпір өтеді. «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты телекөпірде еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қаласының әкімдері өңірлердің өрісін кеңейтуді көздейтін жаңа өндіріс орындарын тікелей он-лайн жүйесінде таныстырады.
Яғни, ел экономикасын еселеуге бағытталған серпінді жобалар бір мезетте іске қосылады. Сондай-ақ, шара аясында «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының лауреаттары марапатталады. Еліміздің 16 өңірімен байланыстыратын телевизиялық жүйені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жүргізеді.
0
0
484

Әскерилер Каддафидің ұлын елге кіргізбеді

Мексика әскерилері Ливияның бұрынғы көсемі Муамар Каддафидің ұлы Сағадидің жолын кесті. Ол ел аумағына жасырын түрде кірмек болған. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, бір халықаралық қылмыстық топ қыркүйек айының басында Сағади мен оның отбасын жалған құжаттармен Мексикаға жеткізбек болған. Алайда, арнайы қызмет мамандары оған жол бермеді.

0
0
140

ІІ Дүниежүзілік соғыс туралы мәлімет беретін сайт ашылды

Бұдан былай ел азаматтары ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туыстары мен жақындарының тағдыры туралы біле алады. Ресейдің қорғаныс министрлігі еліміздің қорғаныс ведомствасына қанды майданда іс-түссіз жоғалған қазақстандықтар жайлы деректерді табыс етті, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында.

Госпиталь, медсанбат, жер қойынына берілген офицерлер мен сарбаздардың құжаттары, кеңес әскери тұтқындарының жеке карточкалары электронды тасымал құралдарында сақталған. Мұнда сұрапыл соғыста қаза тапқан азаматтардың әскери шені, қай әскери бөлімде қызмет еткені, қайтыс болған күні мен себебі, сондай-ақ жерленген жері көрсетілген. Ақпараттық анықтамада 600 мыңға жуық қазақстандық туралы мағлұмат бар.

0
0
485

«Қазақстан» Ұлттық арнасында - ЕВРО- 2012

2 желтоқсанда 23:30-да тек қана «Қазақстан» Ұлттық арнасында футболдан Евро-2012-нің финалдық турының жеребе тарту рәсімінің көрсетілімі. Киевтің «Украина» сарайынан тікелей эфирде. Ұлттық арна көрермендері 16 құраманың 4 топқа бөлінуіне куәгер болады. ЕВРО-2012 жеребесі – Түйіннің шешілуіне аз қалды! Тек қана Ұлттық арнада ЕВРО-2012: жеребеден финалға дейін. «Қазақстан» РТРК АҚ Еуропа чемпионатының («Еуро – 2012») футбол ойындарын ҚР аумағында 2012 жылы тікелей эфир көрсетілімдерін сатып алу бойынша лицензиялық тендерді жеңіп алды. 2012 жылы 8 маусым мен 1 шілде аралығында «Еуро-2012» ойындарының 31 матчы «Қазақстан» Ұлттық және «Еуразия» Бiрiншi арналарының тікелей эфирінен беріледі. Матчтың ашылуын бір мезгілде екі телеарнадан қатар тамашалауға мүмкіндік бар. Шешуші ойын «Қазақстан» Ұл…

0
0
280

АО «РТРК«Қазақстан»

Дирекции информационно-аналитических программ АО «РТРК«Қазақстан» требуется редактор- ведущий (на казахском языке).
Требования: свободное владение государственным языком, опыт работы на телевидении.
Резюме отправлять по адресу: 010000, г. Астана ул. Московская 33 А. Тел/факс: +7 (7172) 93-08-13, e-mail: [email protected]

0
0
269

«Қазақстан» ҰТА

«Қазақстан» ҰТА Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясына қазақ тілді жүргізуші -редактор қажет.
Түйіндемені төмендегі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қаласы, Московская көшесі, 33 А, Тел./факс: +7 (7172) 93-08-13 e-mail: [email protected]

0
0
318