Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Діни бірлестіктердің басшыларына төсалқа табысталды

Қазақстан Тәуелсіз 20 жылда этносаралық һәм дінаралық төзімділіктің баламасына айналды. 300-ден астам ұлт пен ұлысты, 40 шақты конфессияны бір шаңырақ астында татулықта ұйытқан қазақ елі әлемдік өркениетке үлгі бола білді. Бүгін Астанада Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шәріп еліміздегі діни бірлестіктердің басшыларын жинап, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тіл, діл және дін үшін де оңай болмады. Алайда, Елбасы жүргізген саясат діни бостандыққа жеткізді. Тәуелсіз 20 жылда осындай қоғам құруға түрлі діни бірлестіктердің қосқан үлесі де зор. Олар сырттан келіп, іштен ірітетін кірме діни ағымдардың қоғамға төндірген қаупін сейілтуге бар күштерін салды. Осылай деген Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы бірқатар діни бірлестіктердің басшыларына «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Толығырақ...

 
0
0
473

Осы тақырып бойынша

Діни бірлестіктердің басшыларына төсалқа табысталды - Yvision.kz