20 жылдыққа арналған салтанатты жиын өтті
Қазақстан мен Украина арасындағы саяси-экономикалық байланыстар жыл өткен сайын артып келеді. Украина астанасы Киевте ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған Украинаның белгілі қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері, іскер топтары мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар украин қайраткерлеріне «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Мерекелік жиын соңында қазақ елінің көркем табиғаты мен мәдени мұрасынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.
