Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Маңызды ғимараттың құрылысы кешігуде

Маңғыстау облысында кейбір мемлекеттік мекемелердің құрылысы бетпей жатыр. Облыстық онкологиялық диспансер орналасатын нысан 2010 жылы тапсырылуы тиіс еді. Құрылысы екі жылға кешікті. Мердігер міз бағар емес. Енді құрылыстың кешігуіне себеп болғандардың ісімен құқық қорғау органдары айналыспақ.

Ақтау қаласынан орын тепкен мына облыстық онкологиялық диспансері ғимаратының бітпеуі көпшілікті алаңдатып отыр. 2009 жылы тәп-тәуір іргесі қаланған аурухана бір жыл ішінде салынып болуы керек еді. Жоба құны - 2 миллиард 200 миллион теңгеге бағаланған. Мердігер компанияға бастапқы 2 жылда 474 млн., ал былтыр 350 млн. теңге бөлінді. Республика бойынша құрылыс қаржысы ықшамдалып, 200 млн.-нан астам қаржы қысқартылған.
Берген Нұров, бас мердігер:
Құрылыс жағынан 60 пайызға бітіп тұр. Ал медициналық құрал-жабдық 100 пайыз, әлі оған ақша бөлінген жоқ. Енді бізге қазір 900 миллион ақша бөлсе, біз құрылысын бітіреміз. Біздің алғанымыз 668 млн. ақша алдық.
Құрылысты барып көрген облыс әкімі оның қазіргі жайына көңілі толмайтынын жасырмады. «Жалпы құрылыс тұрғызылған орын да сын көтермейді» деді әкім.

0
0
376

Осы тақырып бойынша

Маңызды ғимараттың құрылысы кешігуде - Yvision.kz