Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Жетім қыздың баспана мәселесі шешілді

Өзіне тиесілі пәтерге қолы жетпей, әркімнің босағасында тентіреп жүрген қызылордалық жетім қыз мәселесі естеріңізде болар. Оның көрген тауқыметіне назар аударып, түйіннің заңды шешілуіне Қазақстан Ұлттық Арнасы араласты. Қызылорда облысындағы тілшілеріміз, тастүйіннің ақиқатына үңілді. Гүлмираға қатысты әрбір іс, шешімнің тағдырына талмай тоқталды. Жергілікті Сот шешімін қайта қарауға тура келді. Осылайша, көп болып әділетке қол жетті. Баспана дауы Гүлмира Алмағанбетованың пайдасына шешіліп, бүгін ол өз пәтеріне кірді. Ата-анасынан ерте айырылған Гүлмираны нағашы апасы бауырына басқан. Мектеп бітірген соң, жиенін Алматыға оқуға жібереді. Ал, Қызылордадағы пәтерін бәз-біреулерге жалға береді. Ым-жымы бір адамдар ата-анасынан ерте-ақ айырылып қалған бойжеткеннің пәтерін құйтырқы әрекеттер а…

0
0
672

Құттықтау жеделхаты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы сенімді жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Онда былай делінген: Құрметті, Владимир Владимирович! Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан Сізді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтаймын! Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, Ресей халқы елдің әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған саясатты жалғастырудың пайдасына өз таңдауларын жасады. Құрметті, Владимир Владимирович! Сіз, ресейліктердің қолдауына сүйеніп, өзіңіздің барлық біліміңізді, күшіңізді және тәжірибеңізді экономикалық өсімді, әлеуметтік әл-ауқатты, саяси тұрақтылықтың сақталуын одан әрі қамтамасыз ету және Ресей Федерациясының халықаралық беделін нығайту үшін жұм…

0
0
441

Министр медициналық нысандарды аралады

«Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жеткілікті қаржы бөлінді. Сондықтан медициналық көмектің сапасы мен мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс». Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Министр Алматыдағы бірнеше медициналық нысандарды аралап, науқастардың жай-күйімен танысты. №17 қалалық емханада болып, ондағы дәрі-дәрмектің баға көрсеткіштерін тексерді. Сондай-ақ, шаһардағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жаңадан ашылған гематология бөлімін аралап, медицина жабдықтарының сапасына көз жеткізді. Биыл бұл орталықта 10 балаға операция жасалса, алдағы жылдары аталған көрсеткішті 40-қа жеткізу көзделген. Сәуле Нұқышева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры: Операция оның бағасы шетелге…

0
0
176

Ертең – сайлау

Ертең Ресейде президенттік сайлау өтеді. Ал, бүгін Федерация аумағында тыныштық күні жарияланды. Бүгін елде үгіт-насихат шаралары тоқтады.Теріскейдегі көршіміз мемлекет басшысын таңдауға қалай әзірленіп жатыр? Ресей – көрші ғана емес, халықаралық саясат пен экономикадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еуразия одағы, Кедендік одақ, атай берсек, теріскейдегі елмен қарым-қатынастың маңызы кейінгі жылдары еселене түспесе, кеміген жоқ. Ал, былтыр екі мемлекеттің өзара сауда айналымы 23 миллиард доллардан асқан екен. Бүгін сол алып державаның саяси сахнасында үнсіздік орнады. Яғни, үгіт-насихатқа жол жоқ. Есесіне, ертеңгі сайлауға әзірліктің қызған шағы. Александр Данилов, РФ Сайлау комиссиясының мүшесі: Көріп отырсыздар, дайындық қарбалас жүріп жатыр. Ол берілген уақытқа дейін, яғни, сағат 4-к…

0
0
281

Бүгін көктемнің алғашқы күні

Бүгін Наурыздың бірі – жылдың, әрі көктемнің бірінші күні. Парсының «нау»- жаңа, «руз»- күн деген, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Демек, наурыз аты бір күнді бейнелесе де, ол толық ай атын иеленген. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңеседі, жаңа күн келеді. Халқымыз оны жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайды, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді.

0
5
974

Сарқырама ауылында ауыз су тапшы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарқырама» ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Осыдан екі жыл бұрын «Таза су» бағдарламасы бойынша 32 млн. теңге бөлініп, ұңғыма қазылып әр үйге құбыр тартылған. Бірақ елдің қуанышы, өкінішке орай көпке созылмады. Ұңғымадан – алғашында таза су шыққанымен, кейіннен ішуге мүлдем жарамсыз болып қалды. Қазір жұрт – баяғыша суды арықтан тасып ішіп отыр. Ал жаңадан тартылған құбырлардың бүгінде кенезесі кеуіп тұр. Амалы таусылған халық Ұлттық арнаға шағымданып, үшбу хат жолдады. Қырыққа жуық түтіні бар Сарқырама ауылының тұрғындары қазір лажсыз іргедегі арықтың лас, әрі дәмсіз суын ішіп отыр. Ал жаңадан қазылған құбыр суын адам тұрмақ, қаталап тұрған төрт түліктің өзі ішпейді. Темір Ақылбекұлы, ауыл тұрғыны: Бұл тура халықты көрер көзге кеселге итермелеу.…

0
2
524

3 мың адам жұмысқа орналасты

Үкіметтің «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Атырау облысында да тұрақты жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы аймақта 5,5 мың адам кәсіби біліктілігін арттырып, қайта даярлық курстарынан өткізілген. Тағы 6 мыңдай жастар кәсіби білім беру мекемелерінде білім алып жатыр. Осы бағдарламаның арқасында жұмыссыз жүрген 3 мыңнан астам жергілікті азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осындай игі істерді жалғастыру үшін облыс әкімшілігі аймақта қызмет атқарып жатқан компаниялармен келісімшартқа отырып, бос жұмыс орындарына мамандарды тартуда. Сонымен қатар, маусым сайын арнайы жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты тиген жандардың бірі Гаухар Батырбаева. Жоғары білімді – эколог. Бала тәрбиесімен айналысып, біраз жыл үйде отырған ол сүйікті мамандығынан қол үзіп қ…

0
0
326

Шәмші Қалдаяқовтың өмірден өткеніне – 20 жыл

Бүгін қазақ ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың өмірден өткеніне 20 жыл. Сайын сахараны әуенімен әлдилеген ұлы сазгердің шығармалары туған халқымен бірге жасап келеді. Ұлттық музыка тарихына мол мұра қалдырған шоқтығы биік композитор әндері келер ұрпақтың да рухани қазынасы болып қала бермек. Тағдыры қысқа болғанмен, ән ғұмыры мәңгілік Шәмші ағаны туған халқы әрдайым сағынышпен еске алады. Таулар алыстаған сайын асқақтай түседі. 62 жыл ғұмыр сүрді ән ағасы. Жарты ғасыр саз төкті ән жүрегі. Қазақ даласын Қалдаяқов әніндей әлдилегендер некен-саяқ. Ұлтының ұлы сазгерімен мәңгілік қоштасқанына бүгін 20 жыл. Бірақ бейнесі сағынышқа айналып, шығармасы әнұран болып асқақтап тұр. Қалдыбек Құрманәлі, сазгер: Менің «Қазақстаным әнін» сол кездің өзінде алып империяға қарсылық ретінде шығарған. 2…

0
0
511

Кәсіби біліктілік – жарқын болашақ кепілі

Кәсіптік білім беру – заман талабы. «Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау» бастамасы Алматы облысында қолдау тапты. Түрлі жұмысшы кадрларды оқытатын Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицей жергілікті билікпен кеңесіп, сұранысқа лайық мамандық қатарын ұлғайтпақшы. Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицейде қазір 600-ге жуық бала оқиды. Олар газэлектрдәнекерлеуші, аспаз, тігінші, автомобиль жөндеуші және электромонтер мамандықтары бойынша білім алады. Мұнда атаулы кәсіп түрін меңгеруге бар жағдай жасалған. Электргаздәнекерлеуші. Бұл кәсіп иелері қазір қай жерде болмасын сұранысқа ие. Тұрмыстың кез-келген саласына қажет. Табысы да жаман емес. Сондықтан, бұл мамандықты таңдаушылар да көп. Дидар Қасен, электргаздәнекерлеуші:Қазір ең керекті мамандық ол сварка. Түрлі ғиммаратта…

0
0
1563

Жамбыл Жабаевқа -166 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы 16-шы жыл қатарынан игі дәстүрден танған емес. Жамбыл Жабаев туған ақпан айында арнайы айлық өткізеді. Қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген жыр алыбының туғанына биыл 166 жыл. Осыған орай, ауданда «Жамбыл күні» деген атаумен жырау рухын асқақтатар насихат істер атқарылды. Күні кеше Ұзынағашта «Жамбыл жыры жырлайды» атты жас айтыскер ақындардың жыр додасы ұйымдастырылса, бүгін Жамбыл ауылында айлық қорытындыланып, салтанатты кеш өткізілді. Ақындар мен батырлар елінде мақтаныш тұтар тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Жамбыл Жабаев. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырды. Ақынның туған күніне арналған кеште жиылғандар…

0
0
1003