Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Алматыда қазақ күресімен айналысатындар саны жыл сайын еселеп артуда

Алматы қаласында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу сайыстарына қатысатындар саны жылына екі еседен артуда. Бұл туралы бүгін Алматыда қазақ күресінен өтіп жатқан турнирде Алматы қаласы бойынша қазақ күресінің аға бапкері Ермек Насиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ күресі алматылықтар арасында танымал спорт түріне айналуда. «Қазақстан барысы» өткен алғашқы жылы іріктеу жарысында бүкіл Алматы қаласы бойынша бары-жоғы 32 палуан өзара бақ сынасқан еді. Екінші жылы осындай іріктеу сайыстарына әр ауданның өзінен 12-16 палуаннан шықты. Ал биылғы жылға келетін болса, әрбір аудандық іріктеу сайыстарына 25-30 палуаннан қатысты. Қызығушылық өте жоғары», — деді Ермек Насиев. Жалпы еліміз бойынша қазақ күресімен бүгінгі таңда 35 мыңнан астам адам айналысады екен. Айта кетейік, бүгінг…

0
0
307

Серік Сәпиев жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Павлодардың жас боксшыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді, деп жазады 24.kz. Жас спортшылар былғары қолғап шеберін жақсы қарсы алды. Суретке түсіп, қолтаңба алды. Ертіс өңірінде бүгінгі күні мыңнан астам жас бокспен айналысады. Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында өңірде көпсалалық спорт кешені салынған. Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев болашақ былғары қолғап шеберлері жаттығатын бокс залымен танысып, аймақтағы спорттың дамуына өз бағасын берді. «Біздің кезімізде осындай жағдай болмаған. Павлодарда спорт кешені салынған, жағдай жасалған. Қажеттінің бәрі бар. Осы балалардың ішінен чемпиондар шығады деп сенемін», — деді Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Басты сөздер: Павлодар облысы , Спорт , Қоғам АСТАНА. ҚазА…

0
0
238

Хабаровскіде жеңісті жеңіске сабақтап, Ташкентте ұтылып жатырмыз

Қазақстан боксшылары Хабаровскідегі турнирде жеңістен жеңіске жетіп, алды жүлдеге ілікті де, Ташкентте төртеуі ұтылып, біреуі ғана қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресейдің Хабаровск қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Мырзағали Айтжанов бастап барған жігіттеріміздің тағы да екеуі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 56 келі салмақ дәрежесіндегі Ержан Ордабаев Қытай боксшысы Чунг Юді 2:1 есебімен ұтты. Ал 91 келідегі Антон Пинчук Иран алыбы Морадкани Резаны бірінші раундта-ақ тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Өкінішке қарай, Ташкенттегі Сидней Джаксон мемориалында жағдай керісінше деуге болады. Бұған дейін екі боксшымыздың ұтылып қалғанын жазғанб…

0
0
305

УЕФА Украинада халықаралық футбол матчтарын өткізуге тыйым салды

УЕФА Киев пен Львов қалаларынан өзге Украина жерінде халықаралық футбол мачтарын өткізбеу туралы Украина футбол федерациясына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап. Хатта УЕФА жетекшілері Украина жерінде (Киев пен Львов қалаларынан бөлек) ұлттық құрамалардың (ерлер, жастар, жасөспірімдер, әйелдер) ойындарын өткізуге тыйым салған. Бұл хатты Украина футбол федерациясының баспасөз қызметі де растап, УЕФА тарапынан Украина футболына орнатылған бұл санкция қазан айына дейін жалғасатындығын айтты. «Украина футбол федерация УЕФА тарапынан ресми хат алды. Онда қазан айына дейін еліміздің барлық құрамалары мен клубтары ұйым аясында өтетін матчтарды тек Киев пен Львов қалаларында өткізуге құқылы екендігі туралы айтылған. Ал одан кейінгі шешім елдег…

0
0
249

WBA Головкинді Джаррод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеді

Кәсіпқой бокста WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуі керек. Бұлай болмаған жағдайда, ол чемпиондық атағынын айырылады, деп хабарлады BoxingScene.com порталына сілтеме жасап kazsporttv.kz. Қазақстандық боксшыны атағын қорғауға Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) міндеттеді. 13 мамырдан бастап 30 күн ішінде боксшылардың өкілдері жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келуі қажет. Осыдан кейін промоутерлік саудаласулар жарияланады. Ал жекпе-жек 120 күннің ішінде өткізілуге тиіс. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин алдағы уақытта мексикалық Хулио Сезар кіші Чавеспен жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда келіссөз тоқтатылды. Артынша қазақстандық боксшының келесі қарсыласы австралиялық Дэниэл Гил болады деген ақпарат…

0
0
189

Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш біріншілік Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен еді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Владаның бапкері — Асқар Досжанов.

Айта кету керек, осы чемпионат кезінде төрешілер мен бапкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша БҚО-дан бірінші рет Қуаныш Қайыровқа каратэ-додан халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
1338

Ұлттық құрамамыз үшінші рет ұтылды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізіп, аса тартысты өткен матчта Латвия құрамасынан 4:5 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ойын шектен тыс шиеленісті өтті. Ойын басталған бетте латыштар есеп ашқанымен, бірінші кезеңде біздің құраманың қарқыны өте жоғары болды. Таразы басын да тез теңестірді. Талғат Жайлауов қақпашымен бетпе-бет шығып, голкиперді қалай қапы қалдыру керек екендігінің теңдессіз үлгісін көрсетті. Ал бірінші кезеңнің аяғына қарай Евгений Рымарев біздің құраманы алға шығарды. Осы ретте айта кетейік, ұстараның жүзіндей лыпылдаған Рымаревті ұлттық құрама бапкерлері айдынға шығармай жүрген. Бұған дейінгі матчта Фёдор Полищук Беларусь құрмасының бір хоккейшісін ойын таяғымен нұқып қалғаны үшін…

0
0
282

Ташкентте екі боксшымыз жеңіліске ұшырады

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екі жігітіміз жеңілістің кермек дәмін татты, — деп хабарлайдыTengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ташкент төріндегі халықаралық турнир де кеше басталған болатын. Сидней Джаксон мемориалының бірінші күні рингке екі боксшымыз шыққан еді. Екеуі де қырғыз қырандарымен кездесіп, бірі ұтып, бірі ұтылды. Атап айтқанда, 60 келідегі Закир Сафиуллин Медер Мамакеевті үш төрешінің шешімімен де ұтып, басымдық танытты. Ал 69 келідегі Алмасбек Орынғалиев Эркин Болотбекулына төрешілердің екі айырылған шешімімен есе жіберіп алды – 1:2. 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сапарбай Айдаров бүгін өзбек Азизбек Абдугафуровтан ұтылып қалды. Негізі, өзбектің бұл оғланы осал боксшы емес-т…

0
0
237

Тай боксынан өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 10 медаль еншіледі

Тай бокстан Малайзияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бағы жанды. Дүбірлі додадан 10 медальмен оралған отандастарымыз ел мерейін үстем етті. Соның үшеуі алтын, жетеуі – қола медаль. Үш алтынды қанжығаларына байлаған чемпиондар – Атырау облысының тумалары. Дүниежүзі бойынша 76 елдің өкілі қатысқан спорттық додаға біздің елден 26 спортшы барған болатын. Соның оны олжалы қайтты. Атыраудан барған бес спортшының біреуі қола, үшеуі алтыннан алқа тақты. Соның бірі – Әбіл Ғалиев. Әбіл Ғалиев, Жастар арасында муай тайдан әлем чемпионы: - Бірінші қарсыласым Грузиядан болды, оны ұпай санымен жеңдім. Екіншісі түрік болды. Ал үшіншісі қарсыласым болып өзбек шықты. Олар да өте жақсы өнер көрсетті. Атыраулық чемпиондар – жергілікті «Қайсар» және «Алаң» спорт клубтарының түлектері. Шәкірт…

0
0
259

Француз Буханни «Джиро д’Италия» веложарысының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды

FDJ.fr  командасының мүшесі француз Насер Буханни  көпкүндік  »Джиро д’Италия» веложарысының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Буханни  112 шақырымдық жарыс жолын екі сағат, 22 минут және алты секундта артқа тастады. Екінші болып Trek Factory Racing командасынан итальяндық Джакомо Ниццоло, үшінші болып Джакомо Ниццолодан  Trek Factory Racing  командасының мүшесі Том Велерс мәре сызығын қиды.

Ал төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша астаналықтардың үздігі Борут Бозич болды. Ол
79-орынды қанағат тұтты.

Бүгін, 14 мамырда  203 шақырымға созылатын бесінші кезең басталады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
181