
WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жектердегі соққылардың есебімен айналысатын CompuBox компаниясының «плюс/минус» рейтингінде үштікке енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтинг «плюс/минус» - дәл тиген және босқа сілтенген соққылар арасындағы айырмашылықтар. Сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, Геннадий Головкиннің соққыларының 39 пайызы өз нысанасына дөп тиіп жатқан. Ал ауа қармап қалуы — 22 пайыз.
Соған сәйкес қазақстандық боксшының шабуылы мен қорғанысының айырмашылығы + 17. Осы жетістіктерінің арқасында Геннадий Головкин соққысының тиімділігі жағынан боксшылар арасындағы рейтингте үшінші орынды иеленді.
АСТАНА. ҚазАқпарат