Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014: Неймардың қос голы пентакампеондарды плей-оффқа шығарды

бразилиялық шабуылшы Неймар

Футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Бразилия Камерун құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата жеңдi.

Алғашқы голды бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның 17-минутында салды. Дегенмен камерундықтар да қарап қалған жоқ, 26-минутта Джоэль Матип есептi теңестiрдi.

Матчтың 34-минутында пентакампеондардың жұлдызы Неймар дубль авторы атанып, бұндай есепке келiспейтiндiгiн танытты. Екiншi таймда Фред бұл есептi еселей түстi. Ал ойынның соңғы минуттарында Фернандиньо 4-голдың авторы атанды.

Осы жеңiсiнен кейiн бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы да 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
182

Ақтау спортшысы жағажай волейболынан Азия чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды

Ақтаудың «Каспий» жағажай волейболы мектебінің тәрбиеленушілері Алексей Кулешов Дмитрий Яковлевпен (Павлодардан) жұптасып, жағажай волейболынан Азия чемионатында екінші орынға ие болды. Бұл туралы «Каспий» волейбол клубының жаттықтырушысы Павел Александров хабарлады, деп жазады lada.kz. Азия чемпионаты Қытайдың Цзиньцзян қаласында өтті. Қазақстан осы құрлықтық біріншілікте толық құрамда: екі жұп ерлер және екі жұп әйелдер командасымен қатысты. «Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев өздерінен жақсы жағынан көрсетті. Олар екі сатыда да тамаша ойнап, финалға өтті. Ең бастысы, олар катар-бразилиялық жұбын жартылай финалда ұтып кетті. Финалдағы күміс жүлде жас жұптардың әзірге ең елеулі табысы. Олар болашақта өздерін бұдан да жоғары нәтижелерден көрсетуіне сенім мол», — деді Павел Александров. П…

0
0
271

ӘЧ-2014: Месси Аргентина құрамасына тағы бiр жеңiс әкелдi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионаты кезiнде Аргентина Иран құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Матчтағы жалғыз голды қосымша уақытта 90+2 минутында Лионель Месси салды. Ойын барысында сәттi қорғанып келген ирандықтарды әлемнiң ең үздiк футболшысы Месси алыстан тепкен соққысы арқылы сан соқтырып кеттi.

Айта кетейiк, топтық кезеңде Месси Босния және Герцоговина қақпасына гол салып, өз командасын жеңiске жетелеген болатын.

Екi кездесуде жеңiске қол жеткiзген Аргентина өз тобында 6 ұпаймен көш бастап келедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
187

ӘЧ-2014: Клозенiң тарихи голы Германияны жеңiлiстен аман сақтады

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы сенсациялық жағдайда Гана футболшыларынан жеңiлiс таба жаздады. Ойын 2:2 есебiмен аяқталды. Бұның өзi күтпеген нәтиже екендiгiн айта кетейiк. Немiс машинасы бұл кездесудiң айқын фаворитi болатын. Алайда бiрiншi таймда германиялықтардың ойынында ешқандай жүйелiлiк байқалмады. Ол кезеңде есеп ашылмады. Екiншi таймда ойынның 51-минутында Гетце гол салып, немiс командасы алға шықты. Дегенмен ганалықтар 53-минутында Айюдың арқасында есептi теңестiре алды. Ал 64-минутта Джиан африкалықтарды тiптi алға шығарды. Қатты сасқан Германия құрамасының бас бапкерi Йоахим Лев алаңға ардагер ойыншылар — Мирослав Клозе мен Бастиан Швайнштайгердi шығарды және қателескен жоқ. Алаңға ендi шыққан Мирослав Клозе бұрыштама добы кезiнде қарсыластар қақпасы…

0
0
180

ӘЧ-2014: Нигерия Босния және Герцоговина құрамасын жеңiп, плей-оффқа бiр қадам жақындады

Бүгiн Бразилия футболдан әлем чемпионатында Нигерия-Босния және Герцоговина кездесуi 1:0 есебiмен африкалықтардың пайдасына шешiлдi.

Жалғыз голды ойынның 29-минутында Одемвингие салды. Осы жеңiстен кейiн Нигерия 4 ұпай жинап, топта екiншi орын иеленiп отыр. Бiрiншi орында 6 ұпаймен Аргентина тұр. Иран құрамасы 1 ұпаймен үшiншi сатыда болса, Босния және Герцоговина бiрде-бiр ұпайсыз соңғы орынға жайғасқан.

Келесi ойынды Нигерия Аргентинамен ойнайды. Егер африкалықтар ол матчта жеңiлмесе, плей-оффқа шығады. Немесе келесi ойында Иран жеңiске қол жеткiзбесе болғаны.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
160

ӘЧ-2014: Ресей мундиальда бельгиялықтардан жеңiлiс тапты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 11-шi ойын күнiнде Ресей құрамасы Бельгиямен кездесу өткiздi. Төмен жылдамдықта өткен матчта қарсыластар ойынның соңғы минуттарына дейiн гол сала алмай келдi. Дегенмен 88-минутта Ориги бельгиялықтарды алға шығарды. Айта кетейiк, ресейлiк команда мундиальда осымен екiншi матчты сүреңсiз өткiзiп отыр. Бұның алдында Оңтүстiк Корея құрамасымен кездескен олар 1:1 есебiмен тең түстi. Ал Бельгия құрамасы бұның алдында Алжир футболшыларын ұтқан. Астана уақыты бойынша, 01:00-де Алжир мен Оңтүстiк Корея футболшылары алаңға шығады. Бұл ойынды да «Еуразия» Бiрiншi арнасынан» көруге болады. Ал 04:00-де Португалия мен АҚШ өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны «Қазақстан» мен KazSport телеарналары тiкелей эфирде тарататын болады. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сө…

0
0
262

ӘЧ-2014: АҚШ құрамасы Португалиядан бiр ұпайды жұлып алды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында АҚШ командасы португалиялықтармен тең ойнады.

Бұл ойында сөзсiз Португалия құрамасы фаворит болған. Осы атақты олар бiрiншi таймда 5-минутта-ақ ақтап, ойында есеп те ашқан болатын. Оның авторы — Нани.

Дегенмен, екiншi таймда 63-минутта америкалық футболшы Джермейн Джонс есептi теңестiрсе, 81-минутта Клинт Дэмпсей өз құрамасын алға шығарды. Алайда бұл есептi олар ұстай алмады, 95-минутта Варела есептi 2:2-ге жеткiздi.

Осылайша G тобында АҚШ командасы сенсациялық жағдайда 4 ұпаймен Германиямен бiрге көш бастауда. Одан кейiн 1 ұпаймен Гана мен португалдықтар тұр.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
195

«Шахтер» ФК бас бапкері: «Ертісті» әупірімдеп жүріп әзер жеңдік

Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алды. Өз алаңында Керекудің «Ертісін» қабылдаған В.Кумыков шәкірттері қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Жеңіс оңайға түскен жоқ. Алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші кезеңде қарғандылық ойыншылардың бірі жарақат алып, аз құрамда ойнауға тура келді. Ойынның 61-минутында Камолиддин Мурзоев есеп ашып, «Шахтер» командасын алға шығарды. Қорытынды есеп: 1:0. Виктор Кумыков, «Шахтер» ФК бас бапкері: «Ойын ойлағанымыздай болмады. Біздің жігіттерде оңай жеңеміз деген түсінік қалыптасқан, немқұрайды ойнады. Соның салдарынан әупірімдеп жүріп әзер жеңіске жеттік. Алдағы ойындарда біздің ойыншыларға осыны ескеру керек».

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
219

ӘЧ-2014: Колумбия Кот’Д Ивуардан басым түсiп, өз тобында көш бастады

Бүгiн Бразилияда футбол әлем чемпионаты аясында Колумбия құрамасы Кот’Д Ивуардан 2:1 есебiмен басым түстi. Ойынның бiрiншi таймы барысында командалар алғы шепте жақсы өнер көрсеткенiмен, бiр-бiрiнiң қақпаларын ала алмады. Ал матчтың екiншi кезеңiнiң 64-минутында колумбиялық футболшы «қара пiлдердiң» өкiнiшiне орай гол салып, өз командасын алға шығарды. Осыдан кейiн африкалықтар үлкен күшпен асығыс шабуылдарға шығып, өз қақпаларына тағы бiр доп енгiзiп алды. Алғы шепке допты алып өтпек болған Кот’Д Ивуар командасының қорғаушысы қателесiп, допты қарсыластарына жіберіп алды. Бұл мүмкiндiктi колумбиялық шабуылшы Киндеро қалт жiберген жоқ, осылайша ойынның 70-минутында есеп 2:0-ге жеттi. Дегенмен көп кешiкпей, үш минуттан соң, африкалық шабуылшы Джирвиньо төрт қорғаушыны қапыда қалдырып, әдемi…

0
0
176

ӘЧ-2014: Суарес Англия құрамасының «тас-талқанын» шығарды

 

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан әлем чемпионатында Англия құрамасы Уругвайға жол бердi.

Бұл матчтың қаһарманы, сөз жоқ, Луис Суарес болды. Англия премьер-лигасының ең үздiк шабуылшысы Л.Суарес ағылшындарға екi гол салып, өз командасына маңызды үш ұпай алып бердi.

Бiрiншi голды Суарес алғашқы таймның 39-минутында, қарымта шабуылдардың бiрiнде салып кеттi.
Екiншi таймда ойынның 75-минутында Уэйн Руни есептi теңестiрiп, үмiт отын жаққан болатын. Алайда сол баяғы Суарес 85-минутта есептi 2:1-ге жеткiздi. Ойын соңына дейiн қызу тартыс болғанымен, нәтиже болған жоқ.

Айта кетейiк, Англия осымен екiншi ойынын жеңiлiп отыр. Уругвай бұның алдында Коста-Рикадан ұтылған болатын.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
230