Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014: Жапония-Грекия матчы тең аяқталды

Бүгiн Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Жапония мен Грекия құрамалары кездестi.

Ойын өте тартысты өткенiмен, командалар қақпаға гол сала алмай кеттi. «С» тобында 6 ұпаймен Колумбия құрамасы көш бастауда. Екiншi сатыда 3 ұпай жинаған Кот’Д Ивуар тұр, ал Жапония мен Грекия бiр-бiр жеңiлiспен және бiр тең ойынмен әзiрге үшiншi орындарды бөлiсуде.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
250

Қарағандыда грек-рим күресiнен Қазақстан чемпионаты өтедi

21-22 маусым күндерi Қарағандыда Серiк Сәпиев атындағы боксты дамыту орталығында грек-рим күресiнен Қазақстан чемпионаты өтедi, деп хабарлайды Sports.kz.

Ұлттық бiрiншiлiк алғаш рет Қарағанды облысының аумағында өткiзiлуде және ол елiмiздегi ең мықты апайтөс спортшылардың басын қоспақ.

Чемпионат лицензиялық болып табылады, сондықтан оның жеңiмпаздары Ташкентте тамыз айында өтетiн әлем чемпионатына және Кореядағы XVII Азия ойындарына жолдама алады.

Басты сөздер: Қарағанды облысыСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
283

Футболдан әлем чемпионатында Испанияның жолы болмады

«Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания құрамасы Чили командасынан жеңілді» деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. Рио-де-Жанейроның «Маракана» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен чилиліктердің пайдасына шешілді. Ойынның 20-сыншы минутында Эдуардо Варгас есеп ашты. Бірінші таймның соңында Карлес Арангис есепті еселеді. Сонымен Испания әлемдік футбол додасының топтық кезеңіндегі екінші кездесуін де жеңіліспен аяқтады. Осылайша, әлем чемпиондары додадан тыс қалды. Ал Чили құрамасы екінші жеңісін тойлады. Олар плей-офф турниріне жолдама алды. ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлемдік доп додасы KazSport, «Қазақстан»…

0
0
273

«Дрим-Тим» нұсқасы бойынша ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасы анықталды

Vesti.kz спорт сайты »Дрим-Тим» жобасындағы ойындарға байланысты ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ойында тоғыз ұпай жинаған колумбиялық Давид Оспин үздік голкипер атанды. Үздік қақпашылар ретінде Юго Льорис (Франция), Ализера Хагиги (Иран), Венсан Эньяма (Нигерия) және Гильерме Очоа (Мексика) танылды. ӘЧ-2014 бірінші турында қақпаға бірде-бір доп жіберген жоқ. Сол қапталдағы үздік қорғаушы Пабло Армеро (Колумбия, 17 ұпай). »Ювентуса» қорғаушысы Грекияның құрамасына қарсы ойында өзін тамаша көрсетті. Матчтың ең басында ол гол соқты. Сондай-ақ ол өзінің командаластарына оңтайлы пас беріп отырды. Матс Хуммельс (Германия, 18 ұпай ) ӘЧ-2014-тегі үздік орталық қорғаушы деп танылды. Португалияның құрамасына қарсы ойында ол қақпаны өте жақсы…

0
0
279

ӘЧ-2014: Хорватия Камерунды ойсырата жеңді

«Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кездесуінде Хорватия құрамасы Камерун құрамасын ойсырата жеңді» деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. Манаустың «Амазония» стадионында өткен «А» тобындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары — Ивица Олич, Иван Перишич және Марио Манджукич (екі доп). Сонымен бір жеңілісі мен бір жеңісі бар Хорватия топтық кезеңнен плей-офф турниріне өту мүмкіндігін сақтап қалды. Ал екі ойында да жеңіліс тапқан Камерун ондай мүмкіншіліктен біржолата айырылды. ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлем чемпионаты KazSport, «Қазақстан» және «Евразия» Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі. ӘЧ-2014 жеңім…

0
0
168

Шведова әлемнің 10-шы ракеткасынан айласын асырды

Қазақстандық теннисші қыз Ярослава Шведова Хертогенбосте (Нидерланды) өтіп жатқан WTA сериясына жататын турнирдің екінші айналымына өтті. Жарыстың алғашқы кезеңінде ол әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің 10-шы сатысындағы словакиялық теннисші Доминика Цибулковамен кездескен болатын. Нәтижесінде тартысқа толы болған матч 6:2, 3:6, 6:3 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Шведова бүгінгі таңда WTA рейтингісінің 67-ші орнына жайғасқан. Осылайша бүгінгі кездесуді қоса есептегенде қос теннисші арасындағы жеке есеп 3:3 болып теңесті. Енді келесі айналымда Ярослава Шведова корт қожайыны Михаэлла Крайчекпен сынға түседі. Ол өз кезегінде бірінші турда словак Ян Чепеловтан айласын асырған еді. Осы тұста бір қызық жағдай орын алғанын да…

0
0
171

ӘЧ-2014: Ресей жеңiлiстен аман қалды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Ресей мен Оңтүстiк Корея құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi. Бұл матч 1:1 есебiмен тең аяқталды. Бiрiншi таймда командалар гол соға алмады. Екiншi таймда, ойынның 68-минутында кәрiстер Гын Хо Лидiң голы арқылы алға шықты. Кездесу фаворитi ретiнде алаңға шыққан ресейлiктерге ендi үлкен күшпен алға лап қою керек болды. Команданың бас бапкерi Фабио Капелло Жирковтың орнына Кержаковты алаңға шығарды және ол үмiттi ақтады. Матчтың 73-минутында Кержаков кореялықтардың қақпасына доп салды. Бұл топта үш ұпай алған Бельгия құрамасы бастап тұр. Екiншi орындарда бiр ұпаймен Ресей мен Оңтүстiк Корея жайғасқан. Бельгиядан жеңiлiс тапқан Алжир соңғы төртiншi орында қалды. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Спорт…

0
0
211

ӘЧ-2014: Бразилия Мексиканың қорғаныс шебiн бұза алмады

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде алаң иелерi Мексика құрамасымен кездестi.

Айта кетейiк, бұл қос команданың мундиальдағы екiншi ойындары. Өздерiнiң алғашқы матчтарында олар қарсыластарын жеңiп, үш ұпайдан иеленген болатын.

Бiрақ өзара ойында олар мықтыны анықтай алмады. Матч өте тартысты болғанымен, қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына гол салған жоқ.

Осылайша, «А» тобында Бразилия мен Мексикада 4 ұпайдан, ал Хорватия мен Камерунда әзiрге ұпай жоқ.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
155

ӘЧ-2014: Алжир сенсациялық жеңiстi қолдан сусытып алды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Алжир мен Бельгия құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi.

Айта кетейiк, Кампани, Ван Бюйтен, Азар сынды танымал футболшылар бастаған Бельгия құрамасы бұл кездесудiң фавориттерi деп танылған болатын. Алайда бiрiншi таймда алғашқы голды алжирлiктер пенальтидiң арқасында салып, алға шығып кеттi және бұл басымдығын матч соңына дейiн ұстап тұра алды. Дегенмен алаңға екiншi таймда шыққан Феллайни ойынның 70-минутында есептi теңестiрдi. Ал он минуттан кейiн Мартенс бельгиялықтарды жеңiлiстен құтқарып қалды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
202

Қызылордалық жас спортшы әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Тәжікстанның Душанбе қаласында үш күнге созылған әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш сайыста 90 келі салмақта қызылордалық Ердәулет Жеңіс осымен екінші рет алтыннан алқа тағынды. Ол жартылай финалда Иран спортшысын, финалда Тәжікстан спортшысын нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Ердәулет әмбебап жекпе-жек спортынан 3 дүркін Әлем чемпионы, кикбоксингтен 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы және әлем кубогының қола жүлдегері. Сонымен қатар 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әліби Қалила…

0
0
358