Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: АҚШ құрамасы Португалиядан бiр ұпайды жұлып алды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында АҚШ командасы португалиялықтармен тең ойнады.

Бұл ойында сөзсiз Португалия құрамасы фаворит болған. Осы атақты олар бiрiншi таймда 5-минутта-ақ ақтап, ойында есеп те ашқан болатын. Оның авторы — Нани.

Дегенмен, екiншi таймда 63-минутта америкалық футболшы Джермейн Джонс есептi теңестiрсе, 81-минутта Клинт Дэмпсей өз құрамасын алға шығарды. Алайда бұл есептi олар ұстай алмады, 95-минутта Варела есептi 2:2-ге жеткiздi.

Осылайша G тобында АҚШ командасы сенсациялық жағдайда 4 ұпаймен Германиямен бiрге көш бастауда. Одан кейiн 1 ұпаймен Гана мен португалдықтар тұр.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
196

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: АҚШ құрамасы Португалиядан бiр ұпайды жұлып алды - Yvision.kz