Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014: Үздік шабуылшы Хамес Родригес қанша тұрады?

«Монако» футбол клубы  жартылай қорғаушы Хамес Родригесті 80 млн. еуроға бағалады, деп хабарлайды  шетелдік БАҚ.

Осылайша олар чемпионаттың ең үздік шабуылшысының арқасында 80 млн. еуро пайда түсірмек.

Әлем чемпионатында 6 гол салған  22 жасар Хамес Родригес  «Манчестер Сити», «Реал» сынды ірі футбол клубтарының назарын  өзіне қаратты. Жақында Родригестің өзі «Монакода» қалмайтынын мәлімдеген болатын. Үздік шабуылшы «Монакомен» 2018 жылға дейін шартқа отырған.

Айта кетейік, Хамес  «Портудан» «Монако» футбол клубына 35 млн. еуроға ауысқан болатын. Францияда өткен чемпионатта Хамес Родригес  34 матч өткізіп, 9 гол салған.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
319

Головкин-Гил жекпе-жегі туралы Серік Сәпиевтің пікірі

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазақстандық Геннадий Головкин алдағы кездесуде қарсыласы Дэниэл Гилді уақытынан бұрын жеңеді деп ойлайтынын жеткізді «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында.

«Дэниэл Гил — Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі. Австралиялық бұрынғы әлем чемпионы, десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», — деді Сәпиев.

«Әрине Головкинге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенім. Алайда Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін», — деп түйіндеді сөзін С. Сәпиев.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
200

ӘЧ-2014: Франция құрамасымен матч алдында Германияның 7 ойыншысы тұмауратып қалды

Футболдан Германия құрамасының 7 ойыншысы Франция құрамасымен ширек финалдық ойындар алдында тұмауратып қалды. Бұл туралы Германия құрама командасының бас бапкері Йоахим Лев мәлім етті. «Бөлмелердегі салқындатқыштардан және жиі көшіп-қона бергендіктен ойыншыларға суық тиді. Ойынға дейін олар тәуір болады деген үміттеміз», — деді Й.Лев БАҚ-қа берген сұхбатында. Бразилияда Германия құрамасы футболшыларының денсаулықтары сыр берген. Жаттықтырушының сөзіне қарағанда, сырқаттанып қалғандықтан шабуылшы Лукас Подольски мен Матс Хуммельс Алжир құрамасына қарсы ойынға қатыса алмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС. «Қазір ол ойыншылар сауықты. Бастиан Швайнштайгер, Сами Хедира және Филипп Лам да айығып келеді. Бірақ, Кристоф Крамердің жағдайына алаңдаймын» — деген бапкер өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік…

0
0
208

Алжир құрамасы әлем чемпионатынан алатын сыйақыларын палестиналықтарға аудармақ

Алжир құрама командасы 2014 жылғы әлем чемпионатында алатын өздерінің сыйақыларын алудан бас тартты. Дәлірек айтсақ, олар сыйақыларын толығымен Газа секторындағы жағдайы нашар палестиналық мұсылмандарға аудармақ. Бұл игі бастаманы Алжир құрамасының шабуылшысы, топтық соңғы кездесуде өзінің шешуші голын соққан Ислам Слимани көтеріп отыр. «Оның үстіне Африка құрамасының ойыншылары турнирге қатысқанда алатын ақшалары қолға тимегендіктен, ары қарай ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын. Бұл бір жағынан сол африкалықтарға үлгі ретінде ұйымдастырылған іс-шара болса керекті. Сондай-ақ, Ислам Слимани алатын сыйақыларын Газа қаласындағы зардап шекккен халыққа жіберетіндіктерін айтты және де бір сөзінде: «Бұл ақшаға бізден гөрі солар мұқтаж», — деп нағыз мұсылмандық үлгі көрсетті», — деп жазады…

0
0
220

Ресейде өткен турнирде атыраулық Мұрат Тәжиев «Ең үздік боксшы» атанды

РФ Волгоград облысы Палласовка қаласының күніне орай жасөспірімдер арасында бокстан ХІІІ ашық біріншілік мәреге жетті. Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы Ахмедияр Батырхановтың хабарлауынша, аталмыш жарысқа Дағыстан мен Қалмақ республикасынан, Волгоград, Саратов облысының қалаларынан балғын боксшылар қатысты. Қазақ елінің намысын қорғап барған атыраулық бапкер Қайрат Есқалиевтің шәкірттері топ жарды. Атап айтқанда, Мұрат Тәжиев (34 келі) бірінші, Абдолла Бекет (43 келі) пен Муаз Халухаев (33 келі) екінші орынды иеленді. Ашық турнир барысында рингте әбжыландай қимылдап, қарсыластарын шыдатпаған Мұрат Тәжиев «Ең үздік боксшы» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталып, Волгоград облыстық бокс федерациясының президенті Владимир Глиняновтың қолынан түрлі түсті теледидар алды…

0
0
379

ӘЧ-2014: Колумбия президентінің өкімімен Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін болды

Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос елдің барлық тұрғындары футболдан әлем чемпионатының ширек финалда осы ел құрамасының Бразилиямен  матчын көре алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы El Heraldo басылымы хабарлады.

Президенттің өкіміне сәйкес, Колумбияда 4 шілдедегі жұмыс күні 13.00-ге дейін ғана созылып, осы матчты тамашалағысы келгендердің бәрі үйлеріне, немесе ойынды көрсететін қоғамдық орындарға ертерек жетіп алады. Екі құраманың кездесуі жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған.

Бразилия мен Колумбия арасындағы ойын 5 шілдеге қараған түні Астана уақыты бойынша 02.00 кезінде басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
261

Үш қазақстандық клуб Еуропа Лигасындағы алғашқы матчтарын жеңiспен бастады

Бүгiн Еуропа Лигасының бiлiктiлiк раунды аясында алғашқы матчтар өттi. Алматылық «Қайрат» өз алаңында Албанияның «Кукеси» командасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ойындағы жалғыз голды 89-шы минутта Аслан Дарабаев салды.

Ал елордалық «Астана» сырт алаңда «Пюник» клубын 4:1 есебiмен ойсыратып салды. Қарағандылық «Шахтер» де «Ширак» командасын тiзе бүктiрдi. Ойындағы есеп — 2-1.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
184

БОКС: Мейвезер Майданаға $1,5 млн. төлеуге дайын

Әлемнің ең үздік боксшылары рейтингінің көшбасшысы Флойд кіші Мейвезер үстіміздегі жылы 13 қыркүйекте аргентиналық Маркос Майданамен екінші рет жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр. Майдананың кеңесшісі Себастьян Контурсидің айтуына қарағанда, әлі келісім жасалған жоқ, бірақ ол туралы 5 күннен кейін шешім қабылданады. Алдағы болатын сайыста қолғапқа қатысты тағы да қызық жағдай туындайын деп отыр. Өйткені, естеріңізде болса, бірінші кездесудің алдында қолғаптарды тексеру барысында Мейвезер Майдананың Everlast компаниясы жасаған негізгі қолғаптарын «талапқа сай емес» деп жаратпай тастаған еді. Невада штатының комиссиясы (NSAC) бұл тұжырымды мақұлдады, бірақ Everlast-тың MX модельді запастағы жұп қолғабының нормаға сай екендігі туралы қаулы шығарды. Мейвезер болса: «Майдана бәрібір басқа модел…

0
0
237

Жансая Әбдімәлік балалар шахматынан ересектер шахматына ауысты

14 жасар қазақстандық шахматшы Жансай Әбдімәлік балалар жарысынан ересектер жарысына ауысу еш қиындық тудырмағанын айты, деп хабарлады Vesti.kz. «Ересектер шахматына ауысу айтқандай қиын болмады. Бала кезімнен бастап ерлер жарысына қатыстым, ересектерге қарсы ойнауға үйреніп кеттім, бәрі де ойдағыдай өтті. Алайда қарсылық деңгейі жоғары екені сезіледі. Балалармен ойнағанда, жеңілірек. Ал ересектермен ойнағанда ойлануға тура келеді, көптеген партиялар теңбе-тең аяқталып жатады», — деді Ж.Әбдімәлік. Сондай-ақ спортшы өзі қола медальді иеленген Ирандағы Азияның командалық чемпионатының қорытындысына тоқталды. «Команда жақсы ойнады, өз ойыныма келсем, тұрақтылық болмады. Көп қате жіберіп алдым. Сондықтан бул турнир мен үшін сәтті өтті деп айта алмаймын. Алайда Ираннан мен үшін жақсы естелікте…

0
0
912

Головкин мен Гилдің жекпе-жегіне екі-ақ мың билет қалды

Головкин мен Гилдің кездесуіне екі мыңнан да аз билет қалды, деп хабарлайды «KazSport» BoxingScene.com порталына сәлтеме жасап.

26 шілде Нью-Йорктің басты аренасында WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақта 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 33 жастағы австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегі өтеді.

Кездесуге 3,5 апта қалды, ал сатуға екі мыңнан аз ғана билет қалды. Аталған жекпе-жек үшін Madison Square Garden аренасы 10 мың орынға тағы 3000 люкс орын қосқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
204