Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қаражат тапшылығынан прагалық «Лев» ҚХЛ чемпионатына қатыспайтын болды

2014 жылғы Гагарин кубогiнiң финалисi Праганың «Лев» хоккей клубы қаржылық кепiлдеменiң жоқтығынан алдағы ойын маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметi. »Өкiнiштісі, жоғары деңгейде өнер көрсетуiне қажеттi қаржының толық сомасын жинай алмағандықтан «Лев» хоккей командасы ҚХЛ-дың 2014/2015 маусымына қатыса алмайтын болды «, — дейді ҚХЛ-дың баспасөз қызметi. Бұл туралы клубтың демеушiлерi Петр Спейхал мен Евгений Мышковский мәлімдеген. «Лев» Құрлықтық хоккей лигасының толыққанды мүшесi болып қала береді және жеткiлiктi қаржы сомасы табылғаннан кейiн олар келесi маусымға қатыса алады. Еске сала кетейiк, Праганың «Лев» командасы 2013/2014 маусымның финалында магнитогорскiлiк «Металлургке» есе жіберіп, екiншi орынды иеленген болатын. ҚХЛ-дың 7-ші чемпион…

0
0
187

Майя Манеза спортқа оралды

Ауыр атлетика бойынша Олимпиада чемпионы, әлем рекордсмені, ҚР Ұлттық гвардиясы «Динамо» спорттық командасының мүшесі Мая Манеза ұлды болғаннан кейін, бір жылдан соң спортқа қайта оралды, деп хабарлады «Вестник Динамо». 2013 жылдың тамызында Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Вячеслав Ершов пен Олимпиада чемпионы және әлемнің екі дүркін жеңімпазы Майя Манеза ұлды болғаны туралы сүйінші хабар тараған болатын. Сәбиі жасқа толмаса да, оның анасы жаңа жарысқа дайындықты бастады. Мая Манеза шілде айында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған турнирге қатысып, жаңа жаттықтырушысын таңдайды. Алматы облысында өтетін сынға Қазақстанның мықты ауыр атлеттері қатысады. Жарыста 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындары мен Әлем чемп…

0
0
594

ӘЧ-2014: Бельгия мен АҚШ құрамаларының овертаймдағы супер шайқасында еуропалықтар жеңiске жеттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы кезеңiнде Бельгия мен АҚШ құрамалары кездестi. Бұл матчта да мундиальдiң кезектi овертаймы тiркелдi. Негiзгi ойын кезеңдерiнде есеп ашылмады. Ал овертаймның басында (92-минут) Де Брюйне америкалықтардың қақпасына алғашқы голды салса, 105-минутта Лукакку ұлттық командасының басымдығын еселей түстi. Бiрақ 107-минутта алаңға жаңадан шыққан 1995 жылғы Гринн бельгиялықтардың қақпасына доп салып, америкалықтардың үмiт отын жаға түстi. АҚШ құрамасында есептi теңестiретiн бiрнеше мүмкiндiктерi болды. Ойын соңында жан алысып, жан берiскен командалар қарқынды шабуылдарға бас қойды. Бiрақ матч 2:1 есебiмен Бельгия пайдасына шешiлдi. Айта кетейiк, аталмыш кездесуде бельгиялықтар АҚШ құрамасының Тим Ховард қорғаған қақпасына 36 соққы бағыттаған.…

0
0
169

ӘЧ-2014: Аргентина овертаймда Швейцарияны жеңiп, ширек финалға өттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина овертаймда Швейцарияны ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларынан саңылау таппай, ойынды овертаймға ойыстырған болатын. Осы кезеңнiң 119-минутында Ди Мариа Мессидiң пасынан кейiн швейцариялықтарға алтын гол салды.

Ендi Аргентина 1/4 финалда Бельгия-АҚШ кездесуiнiң жеңiмпазымен ойнайды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
232

ШҚО-да «қазақстандық барыс» Мұхит Тұрсыновқа пәтер мен машинаның кілттері тапсырылды

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан барысы-2014» республикалық турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсыновқа салтанатты қошемет көрсетілді. Қазақ күресінен чемпиондық атақты екі жыл қатарынан ШҚО тумалары жеңіп алып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығы. «Бүгінгі оқиға — біз үшін, шығысқазақстандықтардың барлығы үшін мереке. Міне, осымен екінші рет біздің жерлестеріміз чемпиондық белбеуге ие болып отыр. Бұл — зор мақтаныш, Мұхитты жеңісімен құттықтаймын», деген ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қазақстандық барысқа пәтер мен машинаның кілттерін тапсырды. Мұхиттың өзі үшін мұндай додадарда ШҚО намысын қорғау өте үлкен жауапкершілік болған. «Маған үлкен міндет жүктелді, Айбек Нұғымаровтың жеткен жетістігін қайталау керек болды, халық бізді шығарып саларда батасын беріп, жеңіске де…

0
0
423

З.Дияс тағы да С.Халептен өте алмады

Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққан қазақ теннисшісі Зарина Дияс  әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симона Халептен айласын асыра алмады.

Екі партияда С.Халеп 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Зарина Австралияның ашық чемпионатында да осы теннисшіден ұтылған болатын.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық Ярослава Шведова мен неміс қызы Сабина Лисицкидің бәсекесінде неміс қызы 6:3, 3:6, 6:4 жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Лисицки Симона Халеппен сайысқа түседі.

 
Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
214

Абель Санчес: Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы — Гил

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің кәсіби бокстағы мансабында ең тәжірибелі әрі табысты қарсыласпен кездесетіндігін мойындады. Сонымен қатар, оның пайымынша, экс чемпион Дэниел Гилдің ерекшелігі, шаршы алаңдағы белсенділігі, ал қарсыласын ұрып жығар қауқары жоқ, деп хабарлады Vringe.com. «Гил Геннадийдің жолы түйіскендер арасында ең мықтысы екендігі сөзсіз. Ол ең үздік нокаутшы емес те шығар. Бірақ, егер қол жеткізген жетістіктерін саралайтын болсақ, онда ол Головкиннің барлық басқа қарсыластарының алдын орайды. Екі мәрте әлем чемпионы және екі рет ғана жеңілістің ащы дәмін татқан. Бұған қоса, оның бірі даулы жеңіліс», — деді А.Санчес. Сонымен қатар ол Дэниелдің шаршы алаңдағы ұрыс мәнеріне…

0
0
288

Теннис: Зарина Дияс Вера Звонареваны ұтты

З.Дияс
Уимблдон турнирінде қазақ теннисшісі үшінші айналымда ресейлік Вера Звонареваны тізе бүктірді.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина 2 сағат 6 минутқа созылған тартысты кездесуде 7:6, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

З.Дияс төртінші айналымда румыниялық, әлемнің үшінші ракеткасы, биылғы Ролан Гаррос турнирінің финалисі Симона Халеппен шеберлік байқасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
162

Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы атанды

Астанадағы «Сарыарқа» кешенiнде «Қазақстан Барысы-2014″ атағы үшiн қазақ күресiнен республикалық турнир өттi. Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пен Шығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын. Мұнда екi палуан да бiрiн-бiрi ала алмай, негiзгi уақытты итжығыспен аяқтаған. Қосымша минут белгiленген соң, қарсыластар қоян-қолтық сайысқа түстi. Ол белдесуде шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов өз қарсыласын белдiгiнен көтерiп алып, алаң сыртына шығарып жiбердi. Қола жүлде «Сыр барысы» Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Үшiншi орын үшiн таласта ол «Талас арланы» Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды. Айта кетейiк, «Қазақстан Барысы» атағының иегерi 150 мың АҚШ доллары…

0
0
363

Астанадағы қайырымдылық веложорығына 1,5 мыңнан астам адам қатысты

Астанада елорда күнін мерекелеу аясында «Қайсар керуен» атты қайырымдылық веложарысы өтті. Бұл спорттық шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы қала әкімдігі аппаратының баспасөз қызметінен хабарланды. Жалпы қашықтығы 4,6 шақырымға созылған веложорық сағат 10:00-де «Салтанат Сарайынан» басталып, оның мәресі «Сарыарқа» велотрегі алаңында аяқталды. Веложарыстың барлық бағдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсету және қан қысымын өлшеуге арналған бекеттер қарастырылды. «Ең алдымен, баршаларыңызды сүйікті елордамыздың күнімен құттықтаймын. Астана — жастардың қаласы. Осыған бүгінгі веломарафонға көптеп қатысқан жастар себеп болып отыр», — деді И. Тасмағамбетов. Айта кетейік, осы веложорыққа меценаттар, Олимпиада ойында…

0
0
369