Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Головкин-Гил жекпе-жегі туралы Серік Сәпиевтің пікірі

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазақстандық Геннадий Головкин алдағы кездесуде қарсыласы Дэниэл Гилді уақытынан бұрын жеңеді деп ойлайтынын жеткізді «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында.

«Дэниэл Гил — Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі. Австралиялық бұрынғы әлем чемпионы, десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», — деді Сәпиев.

«Әрине Головкинге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенім. Алайда Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін», — деп түйіндеді сөзін С. Сәпиев.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
201

Осы тақырып бойынша

Головкин-Гил жекпе-жегі туралы Серік Сәпиевтің пікірі - Yvision.kz