Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының келесi кезеңiне өттi

«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының келесi кезеңiне өттi
Қазақстан чемпионы — «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында Чемпиондар Лигасындағы екiншi раундтың қарымта матчында тбилисилiк «Динамо» командасын 3:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Бiрiншi таймда екi команда өте үлкен жылдамдықта кезек-кезек шабуылдарға жиi шығып отырды. Бiрақ алғашқы 45 минуттықта есеп ашылмады.

Екiншi таймның соңғы он минутында қатарынан үш гол салып кеттi. Олардың авторлары: Антонов, Айымбетов пен Зенькович.

Алғашқы матч Тбилисиде өткенi белгiлi. Ол кезде ақтөбелiктер қарсыластарынан 1:0 есебiмен басым түстi.

Үшiншi кезеңде қазақстандық клуб норвегиялық «Стремсгодсет» немесе румыниялық «Стяуа» клубына қарсы ойнайды.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
153

Осы тақырып бойынша

«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының келесi кезеңiне өттi - Yvision.kz