Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда «Отбасы күніне» орай өтетін велошерудің маршруты өзгертілді

12 қыркүйек күні Алматыда «Отбасы күні» мен «Тур Алматы — 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында өтетін  велошерудің маршруты өзгертілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Велошеруге қатысушылар кешкі сағат 20.30-да Республика алаңында жиналып, 21.00-де қозғалысты бастайды. Сәтбаев көшесімен жүріп отырып, Розыбақиев көшесіне түседі. Мәре сызығы «Мега-2» сауда үйінде аяқталады», — делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар велошеруге қатысушыларға жарыс аяқталған соң түрлі сыйлық үлестірілетіндігін де айтып өтті.

Басты сөздер: ҚоғамАлматыСпорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
252

Осы тақырып бойынша

Алматыда «Отбасы күніне» орай өтетін велошерудің маршруты өзгертілді - Yvision.kz