ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты
Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» — «Баия» арасындағы матчта алаң қожайындарының қақпашысы Рожерио Сени өзінің кәсіби ғұмырындағы 123-ші голын соқты.
Ойынның 40-шы минутында 41 жастағы қақпашы айып добын дәл орындап, есеп ашқан болатын. Ойында 2:1 есебімен «Сан Паулу» жеңіске жетті.
Айта кетейік, биылғы маусымда Рожерио Сени 8 мәрте қарсыластардың қақпасын дөп көздеді. Ол өз командасының Алешандре Патодан кейінгі (9 доп) екінші сұрмергені болып табылады.
АСТАНА. ҚазАқпарат





